Сайлау учаскесін тарату және Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің
2020 жылғы 7 қазандағы №3 «Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1) аталған шешімнің қосымшасындағы №500 сайлау учаскесінің орталығы осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
Әкім С. Тоғай
Келісілді:
Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Ж. Асанова
«____» ____________ 2020 жыл
Алматы қаласы
Наурызбай ауданы әкімінің
2020 жылғы «___» _________
№ ____________
шешіміне қосымша
№500 Сайлау учаскесі
Орталығы: «Амир» жекешелендірген жалпы білім беру мектебі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қалқаман 2» шағынауданы, Әбішев көшесі, 26 үй.
Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауынан, оңтүстік бағытта Сағатов көшесіне дейін. Сағатов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің шығыс жақ бетінен, солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін.