Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының
қаржы-шаруашылық бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1) Бөлім басшысы;
2) Бас инспектордан;
3) Бас маманнан;
4) Бас маманнан.
Функциялары:
1) Қаржыландырудың жеке жоспарын жасау және орындау;
2) Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді жасау және қорғау;
3) Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру;
4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы» бағдарламасы бойынша ақша қаражатының бөлінуін бақылау, жасалған шарттар бойынша бақылау және олардың толық және тиісінше орындалуы;
5) Жан басына шаққандағы нормативтік шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын қаржыландыру;
6) Жан басына шаққандағы нормативтік шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларының ақшалай қаражатын бөлу бойынша бақылау, жасалған шарттар бойынша бақылау және олардың толық және тиісінше орындалуы;
7) Инженерлік желілерді қаржыландыру, автомобиль жолдарындағы жұмыстарды қаржыландыру, жасалған шарттар бойынша бақылау және олардың толық және тиісінше орындалуы;
8) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржыландыру;
9) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау;
10) Әлеуметтік қызметтерді жеткізушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, жасалған шарттар бойынша бақылау және олардың толық және тиісінше орындалуы;
11) Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ай сайынғы есепті, бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражатты игеру туралы есептердің жасалуы.
Функциялары:
1) Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу жөніндегі жоспарды жасау және бекіту;
2) Мемлекеттік сатып алу жоспарында көрсетілген мерзімдерде (конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, шартты тікелей жасасу тәсілімен) мемлекеттік сатып алудың электрондық порталында жариялау үшін құжаттаманы қалыптастыру;
3) Әкім аппаратының жеткізушілерімен шарттар жасасу бойынша бақылау, шарттар бойынша тиісті тізілімдерді жүргізу;
4) Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын орындау (ай сайын, апта сайын);
5) Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы бағалардың мониторингі, сондай-ақ мұқтаждар үшін сатып алуды жүргізу үшін әкім аппаратына қажетті техникалық ерекшелікті жасау және әзірлеу;
6) Статистикалық есепті жасау және статистика департаментіне тапсыру;
7) Бөлімнің құзыретіндегі қызметтік хат-хабарларды, өтініштерді, хаттарды, хаттамаларды, шағымдарды қарау және орындау;
8) Әкім аппаратының қаржылық жағдайы туралы ақпарат беру, өтінімдерді ресімдеу, қазынашылық органдарында жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді тіркеу, өнім берушілерге ақы төлеу.
Функциялары:
1) Әкімдіктің, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінен бөлімнің құзыретіне жататын қажетті ақпаратты, материалдарды сұрату және алу;
2) Өз қызметінің мәселелері бойынша әртүрлі инстанцияларда (оның ішінде сотта, прокуратурада) жоғары тұрған ұйымдарда бөлім атынан өкілдік ету;
3) Әкімдіктің қаржы және шаруашылық қызметіне байланысты құжаттарға (жоспарлар, шарттар, есептер, сметалар, анықтамалар) бұрыштама қою;
4) Жоспарлы-қаржылық тәртіп пен еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
5) Бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдар өткізетін аудан әкімінің кеңестеріне және басқа да іс-шараларға қатысу;
6) Бөлімге осы Ережемен жүктелген міндеттерді, функцияларды және құқықтарды сапалы және уақтылы орындау.