
Медеу ауданында Алғыс айту күніне орай әртүрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялады. Сондай-ақ, ол бұл мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби тұлға болу идеясын насихаттау маңызды екенін атап өтті.
Еңбек адамы – бұл, ең алдымен, өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен және адалдықпен атқарған маман. Осындай азаматтарға құрмет көрсету мақсатында бүгін ауданымызда бірқатар сала мамандары марапатталды.
Марапатқа ие болғандардың қатарында:
• Климко Любовь – “Мүгедектердің ерікті қоғамы” қоғамдық қорының төрайымы;
• Майданова Зарина – жеті баланы тәрбиелеп отырған “Алтын алқалы” ана;
• Тасбаева Күлсара – 15 жылдан бері балалар үйінде аула тазалаушы болып адал қызмет атқарып жүрген жан;
• Келденова Гаухар – өмірін білім беруге арнаған ардагер ұстаз;
• Қаюов Бақытжан – “Мәдениет саласының үздігі”;
• Арыстанбекова Шолпан – ақ халатты абзал жан, білікті дәрігер және басқа да абыройлы еңбек иелері. Олардың қажырлы еңбегі ауданымыздың дамуына қосқан үлкен үлесі болып табылады.
Адалдығы мен табандылығы арқылы табысқа жеткен адамдар қашанда құрметке лайық. Алғыс айту күні құтты болсын!