Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды

2026 жылы 12 қазаннан 1 қарашаға дейін Алматы тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жобалық ұсынысын бере алады. Іріктеуден өтіп, дауыс беру қорытындысы бойынша тұрғындардың қолдауына ие болған бастамаларды аудан әкімдіктері 2027 жылы жүзеге асыруды жоспарлауда

Өтінім budget.open-almaty.kz порталы арқылы электронды форматта қабылданады. Қатысу үшін жобаның атауы мен сипаттамасын, іске асыру жоспарланған мекенжайды, сондай-ақ эскиз бен алдын ала сметаны қоса беру қажет. Бұл кезеңде толыққанды жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу талап етілмейді.

Бастама жеке коммерциялық сипатта болмауы керек.

Тұрғындар көгалдандыру, тротуарлар, пандустар мен арықтарды салу және жөндеу, саябақтар, скверлер мен жүргінші аймақтарын көркейту, қалалық инфрақұрылым құрылымдарын жөндеу, заңсыз қоқыс орындарын жою, орындықтар, қоқыс жәшіктері, сондай-ақ балалар және спорт алаңын салу мен жөндеуге қатысты бағыттар бойынша жобалар ұсына алады.