Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №195 мемлекеттік балабақшаның ашылуы өтті
2025 жылдың 15 желтоқсан күні №195 мемлекеттік балабақшасында жаңғырту және инфрақұрылымды кешенді жаңарту жұмыстарының ресми техникалық ашылуы өтті.
Іс-шараға Медеу ауданы әкімі аппаратының, аудандық білім бөлімінің өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қонақтарға балалардың жан-жақты дамуына арналған заманауи білім беру ортасы, цифрлық және интерактивті технологиялар таныстырылды.
Экскурсия барысында оқу кабинеттері, спорт және акт залдары көрсетіліп, балабақшадағы қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік деңгейі бағаланды.
_____
Открытие детского сада №195 приуроченное ко дню Независимости Казахстана
15 декабря 2025 года состоялось официальное техническое открытие Государственного детского сада №195 после масштабной модернизации и комплексного обновления инфраструктуры.
В мероприятии приняли участие представители аппарата акима Медеуского района, районного отдела образования, руководители дошкольных организаций и СМИ. Гостям была представлена обновлённая образовательная среда, современные условия для развития детей, а также цифровые и интерактивные технологии, внедрённые в учебно-воспитательный процесс.
В ходе экскурсии участники посетили учебные пространства, спортивный и актовый залы, оценив комфорт, безопасность и возможности для всестороннего развития воспитанников.