
Алматы қаласы Медеу ауданындағы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының оқу іс-әрекеті туралы ақпарат
Медеу ауданында 7 комиссия мүшесінен тұратын 1 аумақтық сайлау комиссиясы, 574 учаскелік сайлау комиссия мүшелерінен құралған 70 сайлау учаскелері бар.
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту 3 кезеңде және екі бағытта өтті: теориялық және практикалық сайлау процесс бөлімдерін оқыту.
Бірінші кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аймақтық филиалы негізінде онлайн режимінде (ZOOM) сайлау процесі бойынша жүргізілген аумақтық сайлау комиссиясының құрамы оқытылды. Бірінші кезең 2020 жылдың 19 мен 22 қазан аралығында өтті. 8 аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларын оқуға Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Б. Асанова оқытты. Тренинг аяқталғаннан кейін аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары өз аудандарында УСК мүшелері үшін теориялық оқыту мен тренингтер өткізді.
Бірінші кезең аяқталғаннан кейін, оқытудың екінші кезеңі басталды. Сайлау процесінде оқытудың екінші кезеңі УСК мүшелері үшін өткізілді. Екінші кезең шеңберінде 2020 жылғы қазан айының 27-30 күндері аралығында 210 (төрағалар, төраға орынбасарлары, хатшылар) УСК мүшелері оқытылды. Каскадтық әдіс аяқталғаннан кейін УСК төрағалары 364 комиссия мүшелерін оқытуды жалғастырды.
Үшінші кезең учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін тренингтік оқытуға арналған. Жоспарға сәйкес 2020 жылдың желтоқсан айының 7-22 күндері аралығында УСК мүшелеріне арналған тренингтер басталды.
Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту келесі бағдарлама бойынша өткізілді:
Комиссиялардың барлық мүшелерін қамтитын тренингтер әр учаскеде өткізілді.
Оқыту нәтижелері бойынша тестілер сәтті өтті. Төрағалар, орынбасарлар мен хатшылар тестілерді қараша айының соңына дейін, ал комиссия мүшелері 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін тапсырды.
2020 жылдың желтоқсанның 24-не дейін 7 АСК және 574 УСК мүшелері оқуды аяқтап, DOT тесттерін ойдағыдай тапсырды, сертификаттар алды. АСК және УСК барлық 581 мүшелері сертификатталған.