
«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
1.2 Бөлім өз қызметінде: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Алматы қаласы Мәслихаты сессиясының шешімдерін, «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ереже мен осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Бөлім өз жұмысын аудан әкімінің аппараты мен бөлім туралы Ережелерге, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне сәйкес жүргізеді және оны басқа да бөлімдермен және құрылымдық бөлімшелермен өзара бірлесіп іс-әрекет ету арқылы жүзеге асырады.
2. Бөлімінің негізгі міндеттері
2.1. Алматы қаласының әкімі мен Медеу ауданы әкімінің бөлімнің қызметіне қатысты өкімдері мен шешімдерін, сондай-ақ басқа да актілерін орындау.
2.2. Аудан әкімінің іс-қимыл жоспарын әзірлеу және іске асыру, перспективті жоспарлау бойынша жұмыстарды жүргізу.
2.3. Бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныс енгізу.
2.4. Мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
2.5. Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы әлеуметтік-саяси үдерістерді үйлестіру.
2.6. Ауданда дене шынықтыру мен спортты жетілдіру бойынша іс-шараларды өткізу.
2.7. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жоғары, орта арнайы, жалпы білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесіп іс-әркет етуді жүзеге асыру.
2.8. Бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде өкімдер мен шешімдерді әзірлеу және аудан әкімінің қарауына ұсыну.
2.9. Тіл заңдылығын сақтау мәселесі бойынша басқа да мекемелермен бірлесіп іс-әрекет етуді жүзеге асыру, мемлекеттік тілді дамытуға және насихаттауға, сондай-ақ халықты спортқа баулуға бағытталған мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
2.10. Аумақтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық мәселесі бойынша Медеу аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармамен бірлесіп іс-әрекет етуді жүзеге асыру.
2.11. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамаға сәйкес қарау.
2.12. Тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштерінің жағдайына мониторинг жүргізу.
2.13. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша жастардың демалыс орталықтарын ұйымдастыру (демалыс орталықтарымен жұмыс жасау).
2.14. Тиісті жыл аяқталғаннан кейін аудан әкімі аппаратының ведомствалық мұрағатына құжаттардың уақытылы тапсырылуын ұйымдастыру.
2.15. Қазақстан Республикасының заңнамалық актлеріне, Алматы қаласының әкімі мен аудан әкімінің актілеріне сәйкес жүктелуі мүмкін болған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
3. Бөлімінің негізгі функциялары
3.1. Аудан әкімінің мәдениет, тілдерді дамыту және спорт мәселелері туралы өкімдері мен шешімдерін, жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының тапсырмаларын орындауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3.2. Бөлімнің қызметіне қатысты аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындауды қаматамсыз етеді;
3.3. Бөлімнің аппараттың басқа да бөлімдерімен, құрылымдық бөлімшелермен және аудандық қызметтермен бірлесіп өзара тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
3.4. Бөлімге түскен хат-хабарларды қарастырады, олардың әрі қарай іс-қимыл тәртібін қамтамасыз етеді және бақылауда ұстайды;
3.5. Құжаттардың уақытылы орындалуына және олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;
3.6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамаға сәйкес қарайды, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
3.7. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жоғары және орта арнайы оқу орындарымен, жалпы білім беру және мектептке дейінгі мекемелермен бірлесіп іс-әрекет ету бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
3.8. Ауданда мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
3.9. Алматы қаласының әкімдігі өткізетін мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысады;
3.10. Ауданда спорттық-көпшілік іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорымен бірлесіп тұрғылықты мекен-жайы бойынша жастардың демалыс орталықтарын ұйымдастырады (демалыс орталықтары);
3.11. Білім беру, мәдениет және спорт мекемелерімен бірлесіп іс-әрекет етуді жүзеге асырады;
3.12. Аудан аумағында орналасқан сыртқы және көрнекі жарнамаларда, билбордтарда, ақпараттық және хабарландыру тақтайшаларында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптары сақталуына талдау жүргізеді және жинақталған ақпараттарды тиісті мемлекеттік органдарға ұсынады;
3.13. Мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, жұмыс бабы бойынша кездесулер, кеңестер, мәдени-көпшілік және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
3.14. Дене шынықтыру мен спорт саласының жай-күйі және оны дамыту бойынша мәселелерді қарастырады және зерделейді, спорт нысандары мен мекемелердің қызметіне талдау жүргізеді;
3.15. Бөлім мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тілді іс-жүргізуде қолдану бойынша жұмыстарын үйлестіреді. «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп мекемелер мен ұйымдарға мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
3.16. Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес, 2-разрядты спортшыларға, 3-разрядты спортшыларға, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшыларға, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшыларға, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшыларға спорттық разрядтарын беру, сондай-ақ біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушыларға, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушыларға, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерлерге, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскерлерге, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшыларға, спорттық төрешілерге спорт біліктілік санаттарын беру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
3.17. Бөлімнің ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеп, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына бекіту үшін енгізеді;
3.18. Жетекшілік ететін аудан әкімінің тапсырмаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
4. Бөлімінің жұмысын ұйымдастыру
4.1. Бөлім аудан әкімі аппаратының және бөлімнің жұмыс жоспарларына, сондай-ақ ауданы әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарының тапсырмаларына сәйкес жұмыс істейді;
5. Бөлімінің штаттық құрылымы
5.1. Бекітілген штаттық кестеге сәйкес бөлімінің құрылымы келесі 3 қызметкерден тұрады: бөлім басшысы және бөлімнің екі бас маманы.
5.2. Бөлімнің қалыпты қызмет етуіне қолайлы жағдай жасау үшін ауданы әкімі бөлімге бөлме, заңнамалық-анықтамалық әдебиеттер бөледі, телефон байланысымен, компьютерлік техникалармен, кеңсе тауарларымен және басқа да бұйымдармен қамтамасыз етеді;
5.3. Бөлімде қызметкерлерді келесідей өзара алмастыру белгіленген: еңбек демалысы кезінде, оқу және еңбек демалысының басқа да түрлері кезінде, сырқаттану, іс-сапар немесе басқа да себепті жағдайларда бөлім басшысын бас маман алмастырады.
6. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі
6.1. Бөлім басшысы мен бас мамандар келесіге жеке жауапкершілікте болады:
- лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін қызметтік міндетін асыра пайдаланғаны үшін, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуына байланысты «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген шектеулерді сақтамағандығы үшін жауапкершілікте болады;
- «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі материалдық құндылықтар мен сеніп тапсырылған мүліктерді сақтауға;
- мемлекеттік және қызметке қатысты құпия мәліметтерді жарияламауға.