
«Айтылды - Жасалды» айдары Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында берген тапсырмаларының орындалуын көрсетеді.
Қазақстан Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесудің жаңа форматына сәйкес қала әкімі Е.А. Досаев тоқсанына бір рет 8 аудан тұрғындарымен кездесулер өткізеді. 2022 жылы қала әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен 3 кездесу өткізді.
Барлығы 226 сұрақ келіп түсті, 133 тапсырма берілді. Оның ішінде 80 тапсырма орындалды (60,1%), жұмыста – 53 (39,9%).