Жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес,
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы, Медеу ауданы, Н. Қаппаров көшесі, 9/14 үй мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй кондоминиум мүшелеріне ортақ өтетін жолды ұйымдастыру үшін ауданы – 0,1965 га (жалпы ауданы – 3,0026 га) жер учаскесінің (кадастрлық нөмірі 20-315-938-009) бір бөлігіне осы қаулыға қоса берілген сызбаға сәйкес жария сервитут белгіленсін.
  2.  Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты:

1)   Осы қаулыны мүдделі тараптардың назарына ұсынсын;

2) Осы қаулыны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

  1. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.
Дата публикации
29 апреля 2025