ЖОБА
Алматы қаласы Медеу ауданы
әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы
«Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша
сайлау учаскелерін құру туралы»
№ 06-01/05 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қырқүйегіндегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«№411 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Демченко көшесі, 83.
«Облыстық тері-венерологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Шекарасы: «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аумағы».
«№ 596 сайлау учаскесі. Орталығы: Алматы қаласы, Құлжа күре жолы, 2.
«Халық арена» объектісіндегі Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Фтизиопульмонология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұқпалы аурулар бөлімшелері. Шекарасы: «Халық арена» мұз сарайының көпcалалы кешенінің аумағы»;
«№ 597 сайлау учаскесі. Орталығы: Алматы қаласы, Көктөбе шағын ауданы, Роза Бағланова көшесі, 69А. «Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Шекарасы: «Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аумағы».
|
Әкім |
|
Ә. Масабаев |
КЕЛісілді:
Алматы қалалық
сайлау комиссиясының
төрайымы Ж. Асанова
«____» ____________2020 жыл