Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарына беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығы
(2020.12.08. берілген өзгерістермен)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 21) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың азақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамсыз етсін.
- «Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 303 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8717 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159), «Казахстанская правда» 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 282 (27556) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.