Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 06-01/05 шешіміне өзгерту енгізу туралы

    1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы»
      № 06-01/05 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1602 болып тіркелген) келесідей өзгерту енгізілсін:

              аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

    1. «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

              1) осы шешімнің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

              2) осы шешімнің Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Медеу ауданы әкімі аппаратына жүктелсін.
    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
18 марта 2024