
Алматы қаласы Мәдениет басқармасы, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 431 бөлме, анықтама телефоны 272-22-08, «Алатау» дәстүрлі өнер театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) директорының бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды, Алматы қаласы, «Нұркент» ықшам ауданы, 6 үй.
Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты ұлттық-мәдени дәстүрді, тұрмыстық халықтық музыкалық шығармашылықты, Қазақстан халықтарының сан алуан музыкалық мұрасын сақтау және дамыту, фольклорға, дәстүрлі мәдениеттің классикалық және заманауи өнер туындыларына тарту болып табылады.
Азаматтардың мәдени өмірге қатысудағы өз қызығушылықтары мен қабілеттіліктеріне сәйкес шығармашылық қызметтің барлық түрлерін олардың іске асыруына жәрдемдесу, мәдени құндылықтарды қолжетімді ету. Мәдени-көпшілік және дәстүрлі тамаша іс-шараларға деген жұртшылықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру, кәсіби және жеке дәстүрлі музыкалық шығармашылықты дамыту, мәдени демалыстың алуан түрлі нысандарын ұйымдастыра отырып, халықтың мәдени-шығармашылық бастамасын іске асыруға жәрдемдесу. Мәдени әлеуетті дамыту шеңберінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының мәдени демалысын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кино немесе өнер немесе экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім беру саласындағы жоғары білім. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, осы кәсіпорынның қызметіне сәйкес салаларындағы қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Әңгімелесудің өткізілетін күні туралы конкурсқа қатысушылар қосымша хабардар етілетін болады.
Алматы қаласы Мәдениет
басқармасы басшысының орынбасары Д. Алиев