«Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық конкурсын өткізу қағидалары

  1. «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 6-тармағы 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы
    № 56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивалдерді өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) жасалды және Конкурсты өткізу тәртібін реттейді.
  2. Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
  3. Конкурс тек кәсіби суретшілер арасында өткізіледі.
Дата публикации
10 декабря 2024