Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 22628 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

       "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі

А. Раимкулова

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Білім және

      ғылым министрлігі

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 111 бұйрығымен
бекітілген

Дата публикации
16 мая 2023