2022 жылдың III тоқсанында Алматы қаласы мәдениет басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау бойынша талдамалық анықтама

2022 жылдың III тоқсанында

Алматы қаласы мәдениет басқармасының

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау бойынша

талдамалық анықтама

 

 

2022 жылғы 03 0азан                                                                                        Алматы қ.

 

  1. Кіріспе бөлім

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылғы шілде-қыркүйек.

Басқарма қызметінің талданатын кезеңі мен бағыттары: 2022 жылғы III тоқсан (01.07.2022-30.09.2022).

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма өз жұмысында Бюджет кодексін, ҚР Еңбек Кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі), «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарын, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және ҚР басқа да нормативтік - құқықтық актілерін, Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 4/88 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін басшылыққа алады.

 

  1. I Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, оның ішінде Басқарманың 2022 жылғы III тоқсандағы қызметіне әсер ететін кадрлардың ауысымдылығын анықтау

         

Басқарманың штат кестесі Алматы қаласы әкімінің 2022 жылғы                              01 наурыздағы № 10 ө өкімімен бекітілген.

Талдау жүргізу кезінде басқарма қызметкерлерінің штат саны – 20 бірлікті, нақты саны – 18 бірлікті, бос жұмыс орындары – 2 бірлікті құрайды.

Басқармада 6 бөлім бар:

  1. Экономика және қаржы бөлімі;
  2. Талдау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;
  3. Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі;
  4. Тарихи-мәдени мұра бөлімі;
  5. Архивтер және құжаттама бөлімі.

Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ.

Бекітілген кесте бойынша 2022 жылдың III тоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалында 1 қызметкер біліктілігін арттырды. Бекітілген кесте бойынша тағылымдамадан өтті – 1 қызметкер.

Оқу және біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін сертификаттар алынды.

Талдау барысында басқарма қызметкерлерінің командалық қозғалысы анықталмады.

Талдау барысында аффилиирленген қабылданған қызметкерлер анықталған жоқ.

Қолданыстағы заңнамамен лауазымды адамдар үшін белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар жоқ.

Басқарма қызметкерлерінің жеке істеріне талдау жүргізілді және еңбек кітапшалары мен жеке істердің толық толтырылмағаны, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныспауы анықталды.

Ұсыным: жыл соңына дейін барлық жеке істерді сәйкестендіру, барлық қызметкерлерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстыру (жыл соңына дейін жою).

Талдау жүргізу кезінде қызметкерлердің жеке құрам бойынша бұйрықтарымен уақтылы таныспау фактілері анықталды.

Ұсыныс: жыл соңына дейін жою.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту жоқ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                           іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың профилактикасына, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты дүниетанымын қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі.

Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

III. 2022 жылғы III тоқсандағы Басқарма қызметіне қатысты персоналды басқарумен байланысты мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Талданатын кезеңде Басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабында көзделген мүдделер қақтығысы тіркелмеген.

Басқарма бойынша конкурстық комиссия «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының талаптарына сәйкес өткізілетін Мемлекеттік сатып алу рәсіміне талдау жасады. Мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау кезінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілерінің үлестестігін анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Талданатын кезеңде аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.

Басқарма бойынша жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қызметшілердің жеке істерін зерделеу жүргізілді. Қорытындысы бойынша фактілер анықталған жоқ.

 

  1. IV. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Басқарма мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді.

Басқарма мемлекеттік қызметтің төрт түрін көрсетеді:

- мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәліктер беру;

- мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру;

- архивтік анықтамалар беру;

- «Халық (үлгілі) көркемөнерпаздар ұжымына» атағын беру.

Көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушылар) тарапынан мемлекеттік қызметтерді қарау және көрсету рәсімінде жол берілген бұзушылықтар болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту да болған жоқ.

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 111бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архив үзінділердің беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары» негізінде көрсетіледі.

Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (Үлгілі) атақ беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Халықтық» (үлгілі) көркемөнерпаздар ұжымы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 112 бұйрығына сәйкес.

Басқарма мемлекеттік қызметтер көрсетудің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселесіне көп көңіл бөледі, өтініш берушімен көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланыс іс жүзінде алынып тасталды.

Есепті кезеңде көрсетілді:

Мәдени құндылықтарды әкету жөніндегі сараптама комиссиясы жеке және заңды тұлғалардан 148 өтінішті қарады. Сараптама нәтижелері тиісті хаттамалармен ресімделді.  «Мәдени құндылығы жоқ» қорытындысы – 148,                     өтініш берушілерге берілген мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік – 0.

2022 жылдың III тоқсанының есепті кезеңінде «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметіне сәйкес 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары негізінде көрсетіледі.

Қағидаларға сәйкес өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі – «Алматы қаласының Мемлекеттік архиві» КММ;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ»;

3) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы.

Архивтік құжаттар негізінде, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында, архивтік анықтамалар беру бойынша, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы қаласының Мемлекеттік архиві» КММ 2022 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша – 8 224 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары арқылы – 2 706, веб – портал арқылы – 682, көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 4 603, е - өтініш арқылы – 233.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру» мемлекеттік қызметін орындау мерзімдері бұзылған жоқ.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың қажеттіліктері толық қанағаттандырылды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңінде көрсетілетін қызметті берушінің атына шағымдар түскен жоқ.

«Халық (үлгілі) көркемөнерпаздар ұжымдарына» атағын беру жөніндегі комиссия есепті кезеңде 1 өтінімді қарады. Алматы қаласының шығармашылық ұжымына 1 «Халықтық (Үлгілі)» атағы берілді.

Мемлекеттік қызметтердің бұл түрлері көрсетілетін қызметті алушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандырды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңінде көрсетілетін қызметті берушінің атына шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халықтың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында Басқарма тұрақты негізде белгілі бір жұмыстар жүргізеді, оның ішінде танымал әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда ақпарат жариялау, мемлекеттік қызмет көрсететін басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

 

«Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 04 ақпандағы № 1/88 қаулысымен бекітілген басқарманың Ережесіне сәйкес талдау объектісінің қызметіне рұқсат беру функцияларын іске асыру кірмейді.

 

  1. Бақылау функцияларын іске асыру

 

«Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 04 ақпандағы № 1/88 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес Басқарма іс жүргізудің жай-күйіне, Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдарда құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.

 

VII. Қорытынды ережелер

 

Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар:

- жұмыс тобына Талдамалық анықтамада көрсетілген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу, Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей ұсынымдардың орындалуы;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу;

- Алматы қаласы Мәдениет басқармасының интернет-ресурсында талдамалық анықтаманың ұсынымдарын орындау бойынша ақпарат орналастырылсын.

Дата публикации
05 октября 2022