«Ұлттың ұлы ұстындары» республикалық шығармашылық конкурсының ережелері мен қағидалары

Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен 2021 жылы                                  21 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі отырысы хаттамасының 2.3.2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарында, балалар мен жастар аудиториясына бағдарланған баспа өнімдерінде орналастыру мақсатында патриотизмге, бірлік пен келісімге үндейтін ұлттық образдардың үздік көрнекі графикалық бейнелерін анықтау бойынша конкурс ұйымдастыру тапсырылды.

Министрлік Мәдениет комитеті төрағасының 2022 жылғы                                       16 қыркүйектегі №56 бұйрығымен бекітілген «Ұлттың ұлы ұстындары» республикалық шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Байқау) жариялады.

Осыған орай, байқаудың ережелері мен қағидаларын және байқауға қатысты толық ақпаратты қосымшаға сәйкес жолдаймыз.

Дата публикации
28 сентября 2022