Кәсіпорын кызметінің мақсаты - Отандық тарихты, аймақ тарихын, Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін, көрнекті саяси және қоғамдық мәдениет қайраткерлерінің, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен қызметін, сондай-ақ олардың дәуірін зерделеу, сақтау және танымал ету болып табылады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика, құқықтану) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі - хабарландыру орналастырылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Абылай хан даңғылы, 74А, 305а кабинет мекенжайы бойынша Алматы қаласы Мәдениет басқармасына ұсынылуы тиіс.
«Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» КММ конкурстық орналасуға қатысу үшін қажетті келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі (ЖОО-ның өзіндік үлгісіндегі) құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
6) бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы, нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
8) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
9) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
10) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
Конкурстық орналасуға қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Әңгімелесу өткізу күні туралы конкурсқа қатысушылар қосымша хабарландырылатын болады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайы: 272-01-38, 20220702@mail.ru