Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Қазақ мемлекеттік циркі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды

  1. «Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК директоры. Заңды мекенжайы:Абай даңғылы 50., Байланыс нөмері: +7 (727) 394-49-05:
  2. Мәдениет саласында өндірістік-шаруашылық қызмет атқару, театрландырылған-ойын-сауық қызметтерін көрсету жолымен Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының мәдени даму саласындағы міндеттерін шешу - Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тіл және әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет ұйымдарында басқару персоналы лауазымында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және осы кәсіпорынның қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Қазақ мемлекеттік циркі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды
Дата публикации
21 февраля 2022