Кәсіпорын кызметінің мақсаты - балалар мен жасөпірімдерді қуыршақ театр өнеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, эстетикалык талғамын қалыптастыру және эмоциялык әсер алуына жайлы кеңістік құру. Мәдени әлеуетті дамыту шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының мәдени бос уақытын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тіл және әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет ұйымдарында басқару персоналы лауазымында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және осы кәсіпорынның қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу.