ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша «Алматы қаласының мәдениет басқармасы»

ВАКР жүргізу негізі:

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 8бабының 5тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды Мемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдырмау мақсатындаСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында (бұдан әрі-Заң) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау көзделген, ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған, нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайдысыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етеді

Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес талдау жүргізудің мақсаты мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулардың сапасын арттырусыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылау және мониторингтеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау болып табылады

«Алматы қаласының мәдениет басқармасы» КММ (бұдан әрі Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең2026 жылдың бірінші жартыжылдығы.

Дата публикации
30 июня 2026