Лого

Меню

Страницы

Статья

Жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету

Жылумен жабдықтау

2021 жылдың 11 айында 9 км жылумен жабдықтау желісі қайта жаңартылды және 28 км-ге жуық желі мен 1,2 мың ысырма жөнделді, жылу көздерін жылыту маусымына дайындау мақсатында 82 қазандықтың технологиялық бөлігі және қосалқы жабдықтары бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Премьера қазандығын қуатты 100 Гкал/сағатқа ұлғайта отырып кеңейту бойынша жұмыстар басталды, бұл 28 мың пәтерді жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оңтүстік аймақтағы жылу энергиясының тапшылығын жабу үшін, Оңтүстік аудандық қазандықты реконструкциялау жобасы іске асырылуда. Қайта құру аяқталғаннан кейін қуат өсімі 55 Гкал/сағатқа құрайды және қазандықтың негізгі және қосалқы жабдықтары ауыстырылады. Бостандық ауданы мен Алматы қаласының оңтүстік бөлігінің 180 мыңға жуық тұрғыны сенімді жылумен қамтамасыз етілетін болады.

 

Электрмен жабдықтау

Жергілікті бюджет есебінен 3 қосалқы станцияның құрылысы жүргізілуде: Бостандық ауданда 2 ("Каскад" ҚС аяқталу сатысында, "Алмагүл") және Түркіб ауданда 1 ("Тұздыбастау" 200 мың тұрғын). Оларды енгізгеннен кейін КС жиынтық жаңа қуаты 228 мегаватт болады.

Медеу және Жетісу аудандарында электр желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2021-2022 жж. КҚК тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында және авариялық жағдайларды азайту үшін шамамен 871 км электр желілерін, 10 таратушы қосалқы станцияларды, сондай-ақ 453 трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қуаты 50 МВт "Кирпичная" қосалқы станциясын салу бойынша жоба әзірленді, бұл Жетісу ауданының тұрғындарын электрмен сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қосалқы станция құрылысы 2021-2022 жылдары жоспарланып отыр.

Дата публикации
06 февраля 2021
Дата обновления
06 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
13 января 2023
Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы