
Аязды күндері тұрғындарды электр қуатымен, жылумен, сумен және газбен жабдықтауды үздіксіз түрде қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары күшейтілген режимге көшті.
⠀
Күтпеген жағдай туындаса, қаланың коммуналдық шаруашылығындағы жауапты тұлғалар, жедел және жөндеу қызметкерлері, сонымен қатар, Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жеке құрамы осы жылдың 13-17 қаңтар аралығында тәулік бойы кезекшілік етеді.
Судың жарылуы, будың шығуы, судың ағуы немесе ашық құдықтардың болуы анықталған жағдайда, азаматтардан өз бетінше әрекет жасамауды, керісінше келесі нөмірлер арқылы коммуналдық қызметтерге дереу жүгінуді сұраймыз:
Жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау: «Алматы жылу жүйелері» ЖШС +7 (727) 378-06-65 және +7 (727) 378-06-98.
Сумен жабдықтау және кәріз: «Алматы Су» МКК +7 (727) 274-66-66.
Электрмен жабдықтау: «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ +7 (727) 356-99-99 және +7 (727) 399-99-00.
1-АЭЖ: 268-60-71, 268-60-74
2-АЭЖ: 375-25-44, 375-02-25
3-АЭЖ: 385-45-27
4-АЭЖ: 242-65-63
5-АЭЖ: 375-04-69, 375-28-00
6-АЭЖ: 272-23-66, 272-24-32
7-АЭЖ: 268-02-40, 268-02-48
Газбен жабдықтау: 104
Сыртқы жарықтандыру: «Алматы Қала Жарық» МКК +7 (727) 390-20-40 және +7 (727) 390-20-60.