
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен бірге өтінішті жібереді. www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.12.2020
№ 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
3) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;
4) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
5) энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021
№ 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібі
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алуға өтініші;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі – Әзірлік актісі);
3) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;
4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды Портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына Көрсетілетін қызметті алушының жауапты лауазымды адамдары, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері Заңмен белгіленген құзыреті бойынша кіреді.
Комиссия жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Әзірлік актісін дайындау үшін дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері комиссияның отырысына қатыса алады.
Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде Әзірлік актісіне "ерекше пікірмен" қол қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы комиссиясының ерекше пікірі Әзірлік актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау кезінде Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы анықтаған кемшіліктер Әзірлік актісінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы құжаттарды Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды қарайды және толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер сәйкес келмейтін талаптарды көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Егер хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді талаптарға сәйкес келтірмесе, Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беру үшін қажетті осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне немесе осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген әзірлік паспортын беруден бас тарту үшін негіздердің болуына талдауды жүзеге асырады, тиісті қорытынды дайындайды және осы қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізеді.
1 (бір) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушының қорытындысын келіседі және осы қорытынды Көрсетілетін қызметті берушінің энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі ші комиссиясының (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы) қарауына енгізіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021
№ 220 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы осы қорытындыны және ұсынылған құжаттарды аптасына кемінде бір рет қарайды.
Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының хатшысы Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.
Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының отырысына дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері комиссияның отырысына қатыса алады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның жауапты адамы тағайындалады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесі құратын Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің жауапты адамы тағайындалады.
Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия мүшелерінің мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес реттеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы отырысының хаттамасында Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының техникалық құралдарды қолданғаны туралы белгі қойылады.
Техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар отырыс аяқталған сәттен бастап бір жыл бойына Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясының хатшысында сақталады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021
№ 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көпшілік шешімімен келіспеген Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия мүшесі өзінің "ерекше пікірін" жазбаша түрде баяндайды, ол Көрсетілетін қызметті берушінің комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Әзірлік паспорты берілсін;
2) Әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;
3) Әзірлік паспортын беруден бас тартылсын.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 01.07.2021
№ 220 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әзірлік паспорты алдағы күзгі-қысқы кезеңде қолданылады.
Ескертулер оларды келесі жылдың 1 (бірінші) қаңтарына дейінгі мерзімде жою үшін белгіленіп беріледі.
Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты Көрсетілетін қызметті алушы Көрсетілетін қызметті берушіге ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Әзірлік паспортын берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін электрондық құжат нысанында Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды. Әзірлік паспортын беруден бас тарту жағдайында Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес дәлелді бас тарту береді.
1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының
2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.