«Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы қаласының аумағында энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4.
  9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Басқарманы қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  11. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Басқарманың заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

  1. Мақсаттары:

1) Алматы қаласын электрмен, жылумен, газбен, сумен, су бұрумен және көшелік жарықпен үздіксіз қамтамасыз ету;

2) келешекте дамыту үшін қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту;

3) энергиямен жабдықтауды және энергия үнемдеуді арттыру үшін ақылды технологияларды енгізу;

4) ресурстарды ұтымды пайдалану үшін қала тұрғындарын ынталандыру.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;

Алматы қаласының әкіміне Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

белгіленген тәртіпте Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;

энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму саласындағы мемлекеттік саясат шараларын іске асыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанынан комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын және басқа да консультативтік-кеңесші органдар құруға бастамашылық ету;

Басқармаға бөлінген қаражат шегінде белгіленген тәртіпте Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді дайындау үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тарту;

энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму, коммуналдық қызметтерді жеткізу бойынша жұмысты жақсарту туралы бағдарламалар, ұсыныстар әзірлеу және Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихатына және өзге де мемлекеттік органдарға енгізу;

заңнамамен белгіленген тәртіпте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму саласында әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзірлеу мақсатында қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасау;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгіну;

өзіне берілген мүлікті басқару;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

2) міндеттері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

заңнаманың сақталмауының анықталған бұзушылықтарын жою бойынша шаралар қабылдау;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

  1. Функциялары:

1) халықты сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін шаралар кешенін орындау, оның ішінде: коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін үйлестіру;

2) авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыру, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін талдау;

3) құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау, инженерлік инфрақұрылым объектілерін кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар енгізу;

4) жылу, энергия, газ, сумен жабдықтау және су бұру бойынша инженерлік инфрақұрылымды дамыту сызбаларын әзірлеу және бекітуге енгізу;

5) қаланы тұрақты дамыту үшін қажетті жылу, энергия, газ, сумен жабдықтау бойынша қуаттар резервтерін талдау және болжау;

6) қауіпсіздік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, қолайсыздықты азайту және мүдделері қозғалған барлық тараптардың мүдделерін құрметтеу қағидаттарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;

7) тәжірибе алмасу, қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін жобалау және құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға қатысу;

8) инженерлік инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде энергия үнемдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру;

9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстарды енгізу;

10) қызметтің тиімділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын, ашықтығын, жеделдігін және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыру;

11) қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру үшін ашықтық және есептілік қағидаттарында мемлекеттік қызметтер көрсету;

12) коммуналдық қызметтерді тұтынушылар арасында ресурстарға ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

13) Алматы қаласының аумағында энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу және бекітуге енгізу;

14) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;

15) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тексеруді жүргізу;

16) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісу;

17) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру;

18) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

  1. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

2) өзінің орынбасарларының және Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Басқармада жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;

4) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар қолданады;

6) Басқарма құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

8) өз өкілеттіктерінің шегінде бұйрықтар шығарады;

9) Басқарма мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;

10) Басқарманың банктік шоттарын ашады;

11) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы орнында болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

  1. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

«Алматы жылу жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

«Алматыжылужайэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

«Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
29 июля 2022