Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:
- Мекемені Алматы қаласының әділет органдарында қайта тіркеуді;
- осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы №1/72 қаулысының күші жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Әзірбаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев