GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Департамент туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Өзгерістер мен түсіндірмелер
Все материалы
23 октября 2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Департамент басшысы С. С. Оразбеков 2026 жылғы 23 қазанда халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Департамент басшысы С. С. Оразбеков 2026 жылғы 23 қазанда "Инновациялар, ғылым және әлеуметтік қорғау жүйесіндегі пәнаралық әріптестік: зерттеулерден практикаға" атты халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция аясында әлеуметтік қорғаудың өзекті мәселелері бойынша отандық және шетелдік сарапшылар сөз сөйледі, оңалтудың техникалық құралдарының көрмесі және ақпараттық жүйелерді көрсету көрсетілді.

23 октября 2026
Әлеуметтік саясаттың басты назарында – адам және оның өмірлік жағдайы

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді алу мерзімінің ең ұзақ шегін алты айдан үш айға дейін қысқарту көзделіп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Сонымен қатар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шаралар кешені ұсынылады. Оның ішінде азаматтарға қолайлы бос жұмыс орындарын іріктеу, тегін кәсіптік оқыту және қайта даярлау, сондай-ақ субсидияланатын арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру бар. Әлеуметтік төлем мерзімін қысқарту азаматтардың еңбек нарығына тезірек оралуына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылуда.

Айта кету керек, төлемнің ең ұзақ мерзімін қысқарту жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемнің толық жойылатынын білдірмейді. Төлем алу кезеңі мен оны тағайындаудың өзге де шарттары қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады. Бұл ретте әрбір азаматтың үш ай ішінде міндетті түрде жұмысқа орналасатынына кепілдік берілмейтінін де ескерген жөн.

23 октября 2026
Кешенді тәсіл: отбасының мұқтаждығын бағалау кезінде не ескеріледі?

Отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау кезінде мемлекет оның материалдық мүмкіндігімен қатар, әлеуметтік тұрақтылығын да ескереді. Бұл көрсеткіш отбасының нақты құрамын, оның барлық мүшелерінің жасын, кәмелетке толмаған балаларының, қарт адамдардың және мүгедектігі бар азаматтардың бар-жоғын ескере отырып, отбасының шынайы жағдайын дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Осы тәсілдің нәтижесінде мүліктік жағдайы шамалас, сырттай ұқсас екі отбасының қорытынды бағасы әртүрлі болуы мүмкін. Өйткені отбасы мүшелерін асырауға және оларға күтім жасауға байланысты қосымша жүктеме бекітілген әдістемеде арнайы ескеріледі.

Сонымен қатар бір ғана көрсеткіш – мысалы, пәтердің немесе автокөліктің меншікте болуы – отбасының қорытынды санатын өздігінен айқындамайды.

Отбасының жағдайын кешенді бағалау мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде Отбасының цифрлық картасы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. Бұл әдістеме мемлекеттік қолдаудың жекелеген түрлерін отбасының нақты жағдайына қарай саралап көрсету үшін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

22 октября 2026
Отбасының әлеуметтік жағдайы өзгерсе, санаты да қайта қаралады

Отбасының цифрлық картасында белгіленген әлеуметтік әл-ауқат санаты тұрақты болып қалмайды. Еңбек министрлігінің брифингте түсіндіргеніндей, жүйе мемлекеттік ақпараттық базалардағы мәліметтерді үнемі жаңартып отырады. Сонымен қатар әр ай сайын отбасының құрамы мен жалпы саламаттылық деңгейі қайта қаралады.

Мысалы, отбасы мүшелерінің бірі жұмысынан айырылса немесе отбасының материалдық жағдайы айтарлықтай өзгерсе, бұл оның әл-ауқатын бағалауға әсер етеді. Егер отбасы мемлекеттік қолдау алуға құқығы бар санатқа ауысса, тиісті көмек заңда белгіленген талаптарға сай тағайындалады немесе қайта беріледі.

Алайда отбасының санаты өзгерді екен деп, ақша бірден автоматты түрде аударыла салмайды. Алдымен жәрдемақы алуға қажетті басқа да талаптар тексеріледі. Сондықтан азаматтар үшін жеке мәліметтерін уақытында жаңартып отыру және қате ақпарат болса, оны түзету мүмкіндігінің болуы өте маңызды.

22 октября 2026
Мемлекет көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауды күшейтеді

Қазақстанда шамамен 4,8 миллион үй шаруашылығы C, D және E санаттарына жатады. Жаңа қажеттілікті бағалау тәртібіне көшкен кезде бұл отбасылардың тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды алуға заңмен бекітілген құқығы толық сақталады. Бұл туралы Еңбек министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде ресми түрде мәлімделді.

Атап айтқанда, жағдайы саламаттылық деңгейі қанағаттанарлық C санатына шамамен 3,2 миллион отбасы кіреді. Экономикалық тұрғыдан осал D санатында 1,4 миллионға жуық үй шаруашылығы бар. Ал экономикалық және әлеуметтік жағынан осал E санатына 128 мың отбасы жатады.

Мұндай отбасылар жұмыс табу, баспана мәселесін шешу және жақындарын өз күшімен қамтамасыз ету кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Әр жәрдемақыны тағайындау үшін заңда белгіленген талаптар бұрынғыдай сақталады. C, D немесе E санатына жататын отбасылар кез келген жәрдемақыны автоматты түрде ала алмайды. Әр жәрдемақы заңда белгіленген талаптарға сай тағайындалады. Бірақ бұл санаттағы отбасыларға әл-ауқаты жоғары деген себеппен көмек беруден негізсіз бас тартылмайды.

21 октября 2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы С. Оразбеков ЕЕБЖ мәселелері бойынша түсіндірме жүргізді

2026 жылғы 21 қазанда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы С. Оразбеков жұмыс берушілердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жұмыскерлер туралы мәліметтерді уақтылы енгізу және өзектендіру мәселелері бойынша түсіндірме жүргізді.

Мәліметтерді уақтылы жаңарту еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

Жұмыс берушілерге белгіленген мерзімдерді сақтау және оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделгенін еске саламыз.

Видеоның толық нұсқасын ссылкадан көре аласыз: https://www.instagram.com/reel/DewTch_MLgz/?vrfl=c29jb3piaWhuZ3Ux

21 октября 2026
Отбасын қолдау – әлеуметтік өзгерістердің өзегі

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бала тууға және оның күтіміне байланысты берілетін жекелеген бюджеттік жәрдемақыларды тағайындау шарттары отбасының сол кездегі әл-ауқат санатына қарай айқындалады. Бұл ретте Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер мен бюджеттен берілетін жәрдемақылардың құқықтық негіздері әртүрлі екенін ескеру қажет.

Атап айтқанда, бала тууына байланысты берілетін біржолғы бюджет жәрдемақысы C, D және E санатындағы отбасыларға тағайындалады. Ал жұмыс істемейтін аналарға баласы бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты бюджет жәрдемақысы мұқтаждық өлшемшартына сәйкес беріледі. А және В санатындағы, яғни әл-ауқаты жоғары отбасыларға аталған бюджеттік төлемдер заңнамада көзделмеген.

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы төленетін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем отбасының әл-ауқат санатына қарамастан, заңда белгіленген талаптар сақталып, төлем алуға құқығы болған жағдайда толық көлемде төленеді. Ұсынылған материалдарға сәйкес, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кемінде екі жыл қатысқаны расталған әйелдерге МӘСҚ-дан төленетін бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем де отбасының санатына қарамастан толық көлемде беріледі.

21 октября 2026
Отбасының цифрлық картасы: әл-ауқат деңгейі 30-дан астам мемлекеттік дерекқор негізінде бағаланады

Бүгінде Қазақстандағы 6,2 миллион отбасы мен үй шаруашылығы туралы өзекті әрі жан-жақты мәлімет Отбасының цифрлық картасында жинақталған. Отбасының әлеуметтік жағдайын объективті әрі дәл бағалау үшін 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйенің деректері пайдаланылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Отбасының әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтау әдістемесі екі негізгі бағытты кешенді бағалауды көздейді. Олар – материалдық жағдайы мен жалпы әлеуметтік тұрақтылығы.

Материалдық әл-ауқатты бағалау алты сала бойынша 59 көрсеткішті қамтиды. Атап айтқанда, азаматтардың қаржылық жағдайы, жұмыспен қамтылуы, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары, кәсіпкерлік қызметі, ауыл шаруашылығы активтері, сондай-ақ қолданыстағы кредиттік міндеттемелері ескеріледі.

Қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден тікелей алынады. Осы деректердің жиынтығы негізінде еліміздегі барлық үй шаруашылықтары А-дан Е-ге дейінгі бес санатқа бөлінеді. Бұл санаттар тек заңнамада мұқтаждық өлшемшарты белгіленген төлемдерді тағайындау кезінде ғана ескеріледі.

19 октября 2026
Қауіпсіздік нұсқамадан басталады: жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?

Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырылуы тиіс екенін білесіз бе?

Кез келген өндірісте, құрылыс алаңында немесе басқа да жұмыс орындарында белгілі бір қауіп-қатерлер болады. Сондықтан уақтылы өткізілетін нұсқама – жай ғана формалдылық емес, жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды шарасы.

❗ Жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес жұмыс беруші:

✅ Нұсқама беру және оқытуды жүргізуге – жұмыскерлерге еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау қағидаларын түсіндіруге және олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге;

✅ Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге – кәсіптік тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алу мен төмендету жөнінде шаралар қабылдауға;

✅ Қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге – жұмыскерлерді белгіленген нормаларға сәйкес арнайы киіммен, аяқкиіммен және қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге;

✅ Қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауға – белгіленген қағидалардың орындалуын қадағалауға және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;

✅ Медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруға – заңнамада көзделген жағдайларда өз қаражаты есебінен медициналық қарап-тексерулер өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

⚠ Білу маңызды!

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті оқытудан және білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.

Сонымен қатар, жұмыскердің өзі де белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға, қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалануға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.

Нұсқаманы тек формалды түрде өткізу қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Әрбір жұмыскер ықтимал қауіп-қатерлерді түсініп, қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі маңызды.

Есіңізде болсын: жазатайым оқиғаның салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алған әлдеқайда маңызды.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – жұмыс берушінің міндеті және әрбір жұмыскердің құқығы!

#ЕңбектіҚорғау #ЕңбекҚауіпсіздігі #ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #МЕИК

16 октября 2026
Әлеуметтік қолдауды нақты мұқтаж жандарға бағыттау: Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін тағайындау тәртібі өзгереді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап төлемнің 14 түрін тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік жағдайы кешенді бағаланады. Жаңа тәсілдің мәні мен өзгерістері туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндірді.

Бұған дейін бірқатар жәрдемақы адамның белгілі бір әлеуметтік санатқа жатуына қарай тағайындалса, енді заңда белгіленген төлемдер бойынша отбасының жалпы әл-ауқаты да ескеріледі. Бұл ретте отбасының әлеуметтік жағдайы объективті көрсеткіштер негізінде бағаланады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, А және В санаттарына жатқызылған отбасыларға жәрдемақының жекелеген түрлерін тағайындау шарттары қайта қаралады. Ал С, D және Е санаттарындағы отбасылар заңнамада көзделген талаптарды сақтаған жағдайда мемлекеттік қолдау алу құқығын толық сақтайды.

Сонымен қатар өзгерістер әлеуметтік көмектің барлық түріне бірдей қатысты емес. Бюджеттен төленетін 36 түрлі жәрдемақының 22-сі бұрынғы тәртіппен тағайындала береді. Оларды алу кезінде отбасының жалпы материалдық жағдайы мен әлеуметтік әл-ауқаты ескерілмейді.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы