- ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы маусымның 12 мен шілденің айының 08 аралығында "А-Ж-К" АҚ-ң жұмыскері Е.Қ.С.-мен 05 маусым күні орын алған қазаға ұшыраумен байланысты жазатайым оқиғаға арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға 05 маусым күні топырақтың құлауы нәтижесінде орын алғаны анықталды. Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиғаның түрі – "топырақтың, заттардың, материалдардың, жердің және т.б. құлауы". Жазатайым оқиғаның себебі: жәбірленушінің өрескел абайсыздығы.Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
- ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы шілденің 04 мен шілде айының 18 аралығында "АПК" КМҚК-ң арнайы пәндер оқытушысы У.Д.И.-ң 26 маусым күні шамамен сағат 12 – 20 минут шамасында жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға жұмыскердің баспалдақ маршымен жүріп-тұру нәтижесінде болғандығы анықталды (нәтижесінде құлау). Жазатайым оқиғаның түрі – жәбірленушінің құлауы.
Жазатайым оқиғаның себебі арнайы пәндер оқытушысының абайсыздығы болып табылды. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша бұл ауыр жарақат алуына байланысты жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.