Жүргізілген арнайы тергеп-тексерулер бойынша ақпарат

  1. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы сәуірдің 01 мен мамыр айының 14 аралығында "А-Т" ЖШС-ң жұмыскерлері К.Ж.Р., К.А.Б. және К.Н.Р.-мен 9 сәуір күні 01 сағат 25 минут шамасында орын алған топтық жазатайым оқиғаға арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Топтық жазатайым оқиға жұмыскерлердің көше тазалау кезінде жол-көлігі оқиғасы нәтижесінде болғаны белгілі болды (мотоциклмен қаққан). Жазатайым оқиғаның түрі – жол көлік оқиғасы.  

Жазатайым оқиғаның себебі мотоцикл жүргізушісінің жол көлік ережелерінің бұзуы болып табылды. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша бұл топтық жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.

  1. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы сәуірдің 30 мен мамыр айының 28 аралығында "АЭТ" ЖШС-ң атобус жүргізушісі А.А.Г.-ң 22 сәуір күні шамамен сағат 22 – 40 минут шамасында жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға жұмыскердің автопарктың аумағында жол-көлігі оқиғасы нәтижесінде болғаны белгілі болды (соғу). Жазатайым оқиғаның түрі – жол көлік оқиғасы.

Жазатайым оқиғаның себебі автобус тасымалдаушы-жүргізушісінің жол көлік ережелерінің бұзуы болып табылды. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша бұл топтық жазатайым оқиға қызметкерлердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.

  1. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы мамыр айының 02 мен 20 аралығында "АЭТ" ЖШС-ң слсеарі С.Б.Ж.-ң 11 сәуір күні жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға жұмыскердің автобустың домкратын түсіру кезінде сол қолының 2-і саусағының қысылып қалу нәтижесінде орын алғаны анықталды.  Жазатайым оқиғаның түрі – қауіпті өндірістік факторлардың әсері.  

Жазатайым оқиғаның себебі: жұмыс беруші тарапынан еңбекті қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру мен қауіпсіз жұмысты оқытуда жіберілген кемшіліктер болып табылды.  Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.

  1. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы мамыр айының 08 мен 23 аралығында "К-Т" филиалының Сервистік фабрикасының жұмысшысы Ж.М.Т.-ң 22 сәуір күні жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға жұмыскердің әкімшілік ғимараттың баспалдағымен түсіп келе жатқанда аяғын қайыстырып алу нәтижесінде болғаны анықталды. Жазатайым оқиғаның түрі – өзге.   

Жазатайым оқиғаның себебі: баспалдақпен түсу кезінде зардап шегушінің байқаусыздығы. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.

  1. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы мамыр айының 27 мен маусым айының 05 аралығында ШЖҚ "ЖМҚК" МҚК жұмысшысы З.В.Н.-ң 21 мамыр күні жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға 21 мамыр күні 03 сағат 24 минут шамасында науқастың шабуылы нәтижесінде орын алғаны анықталды. Жазатайым оқиғаның түрі – дене жарақаты салу. Жазатайым оқиғаның себебі: науқасқа тиісті көмек көрсету кезінде шабуыл. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
  2. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы маусым айының 5 мен 18 аралығында "АТС" ЖШС-ң жұмысшысы Д.Е.Б.-ң 20 мамыр күні жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға 20 мамыр күні өзіне сеніп тапсырылған аумақта байқаусыздан жерге (адам бойы биіктіктен) құлау нәтижесінде орын алғаны анықталды. Жазатайым оқиғаның түрі – құлау. Жазатайым оқиғаның себебі: жүру кезінде байқаусыздығы. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
  3. ҚР Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия 2025 жылғы маусым айының 17 мен 25 аралығында "А-Т" ЖШС-ң жұмысшысы Ж.Ә.-ң 20 мамыр күні жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиға 20 мамыр күні жұмыскердің көше тазалау кезінде жол-көлік оқиғасына ұшырау нәтижесінде болды (өзге адам автокөлікпен қаққан). Жазатайым оқиғаның түрі – жол-көлік оқиғасы. Жазатайым оқиғаның себебі: Ауди автокөлігі жүргізушісімен жол жүру ережелері бұзылған. Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
  4. 2025 жылғы 22 мамырынан 2025 жылғы 09 маусымға дейінгі кезеңде ҚР ЕХӘҚМ-ң Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бұйрығымен құрылған комиссия 2025 жылғы 23 сәуірінде 16 сағат 15 минут шамасында «BBGG» ЖШС-ң жұмысшы «К» -ң жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.

Комиссиямен «К»-ң  қоймада тауарлар салынған қораптарды реттеу кезінде аяғының тайып кету салдарынан 2.5 метр биіктіктен құлағаны анықталды.

Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.   

  1. 2025 жылғы 27 мамыр мен 2025 жылғы 10 маусым аралығында Алматы қаласы еңбек инспекциясы комитетінің департаменті басшысының бұйрығымен құрылған комиссия 2025 жылдың 15 мамыр күні сағат 22-40 минут шамасында «S» ЖШС-ң жұмыскері «Т»-мен болған ауыр жазатайым оқиғаға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізді.

Комиссия «Т»-мен орын алған жазатайым оқиға №1 өндірістік цехта жұмыс кезінде штрипсті бағыттаушыға  жіберген уақытта, қолмен итеру  сәтінде орын алғанын анықтады.

Тергеп-тескеру нәтижесі бойынша бұл жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.

Дата публикации
24 июля 2025