- Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының 31.03.2025 жылғы бұйрығымен тағайындалған комиссия, 2025жылдың 31 наурызы мен 14 сәуірі аралығында «К» жеке кәсіпкерінің 2025жылғы 3 наурызда сағат шамамен 09:45-те «А» жұмысшысының жазатайым оқиға салдарынан қазаға ұшырауына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Комиссия «А» жұмыскерімен болған жазатайым оқиғаның себебі – 4–5/Е осьтері бойындағы опалубканы түзету кезінде құлауы нәтижесінде болғанын анықтады. Оқиға түрі – заттың құлауы.
Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
- Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының 07.04.2025 жылғы бұйрығымен тағайындалған комиссия 07.04.2025 ж. мен 18.04.2025 ж. аралығында 18 наурыз күні сағат 11:15-те «Ф.А.А.» жеке кәсіпкерінің ағаш ұстасы Ш.К.Ш.-ң жазатайым оқиға нәтижесінде ауыр ауыр жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді. Жазатайым оқиғаның себебі ағаш ұстасы Ш.К.Ш-ң "Ф А.А." ЖК-ң директоры бекіткен ағаш өңдеу станоктарында жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзуы, атап айтқанда арнайы итергіш-кондукторды қолданбауы болып табылды.
Комиссия Ш.К.Ш.-мен болған оқиғаның себебі – стационарлы фрезерлік станокта дайындамаға өңдеу жүргізу кезінде айналмалы бөліктердің зақымдауы екенін анықтады. Оқиға түрі – айналмалы бөлшектердің әсері.
Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.
- Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының 27.03.2025 жылғы бұйрығымен тағайындалған комиссия 27.03.2025 ж. мен 21.04.2025 ж. аралығында 2025 жылғы 16 наурызда «А-Л» ЖШС-і электромеханигінің шәкірті Е.А.Е.-ң жазатайым оқиға салдарынан қазаға ұшырауына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Жазатайым оқиға лифттің тартқыш арқандарын ауыстыру және реттеу бойынша монтаждау-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алғаны анықталды. Жазатайым оқиғаның себебі – «Лифтті техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету процедураларының» 3-тарауы «Тартқыш арқанды немесе КВШ-ды алмастыру кезіндегі қауіпсіздік шаралары процедураларының» талаптарының бұзылуы, яғни кабина каркасын тиісті түрде бекітпей жұмыс істеу және қозғалтқыш механизмдерін өшіру тәртібін сақтамағандықтан болған.
Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша жазатайым оқиға қызметкердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде анықталды.