|
Қазақстан Республикасы Еңбек |
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) өз құзыреті шегінде еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, халықты жұмыспен қамтуды іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнама талаптарының сақталуын тексеруді және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;
меншік нысанына қарамастан өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, олардан қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, жеке және заңды тұлғалардан Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпараттық сипаттағы құжаттар мен анықтамаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін мәжбүрлеп орындау үшін сотқа жүгінуге;
Департаменттің, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
Департаменттің, Комитеттің қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
тиісті сенімхат негізінде Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік және Комитет атынан сот органдарында өкілдік ету;
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер, ұсынымдар, ақпарат беру және тиісті шешімдер қабылдау;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің және Комитеттің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) Департаменттің құзыреті шегінде бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыру мен Министрліктің, Комитеттің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, әзірлеуге қатысу, келісу;
3) еңбек саласындағы, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамалар талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды уақтылы және объективті тексеруді жүзеге асыру;
5) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша туындайтын келіспеушіліктерді қарау;
6) құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану;
7) еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
8) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
9) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
11) Комитетке құзыреті шегінде талдамалық анықтамаларды және жұмыс нәтижелері туралы мерзімді есептерді ұсыну;
12) жұмыс берушілердің орындауы үшін міндетті нұсқамалар, қорытындылар беру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар мен қаулылар жасау, әкімшілік жазалар қолдану;
13) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлер, жұмыс берушілер және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
14) Департаменттің құзыретіне кіретін кеңестерді, форумдарды, семинарларды ұйымдастыру және өткізу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департамент басшысының мәртебесі мен өкілеттігі
1) Департаменттің жұмысын ұйымдастырады;
2) Департаментті білікті кадрлармен қалыптастыруды және олардың кәсіби деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді;
3) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) Департамент басшысының орынбасарына демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу, сыйлықақы беру және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін Министрлік аппарат басшысының қарауына енгізеді;
6) меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;
7) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды тиісінше қабылдағаны үшін дербес жауапты болады және тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату