
Бақытбек Аягөз Бақытбекқызы 1999 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Жоғары білімі және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрмаған.
Еңбек жолын 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап жеке секторда заңгер лауазымында бастаған.
14.11.2023 ж. – 22.12.2023 ж.– Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы.
22.12.2023 ж. – 20.02.2024 ж.– Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы.
21.02.2024 ж. – 22.09.2024 ж.– Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы.
24.09.2024 ж. – 23.09.2026 ж.– Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы.
24.09.2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы.