Алматы қаласы Білім басқармасы 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес Алматы қаласындағы №202 мектеп-гимназия, № 203 және №45 жалпы білім беретін мектептері Қамқоршылық кеңестерінің құрамы жаңа құрамда қайта құрылатынын хабарлайды.
Осыған орай, үміткерлер Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарды 2722101@mail.ru электрондық поштаға жолдауларына болады.
Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.