
Жаңа мемлекеттік балабақшалар ашылуда
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту мақсатында Алматы қаласында Наурызбай ауданының "Шұғыла" шағынауданында 320 орындық және Түрксіб ауданының "Қайрат" шағынауданында қазақ тілінде оқытатын 280 орындық екі мемлекеттік балабақша ашу жоспарлануда.