2026 жылғы ақпан айындағы мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама

Алматы қаласының Білім басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылғы ақпан айында 23 762  мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)

көрсетті, оның ішінде:

1 313 мемлекеттік қызмет – кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілді;

4 685 мемлекеттік қызмет – кеңсе арқылы балама негізде қағаз нысанда көрсетілді, бірақ олар «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін;

16 776 мемлекеттік қызмет - көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілді (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда );

532 мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілді (www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық үкімет веб-порталын қоспағанда);

Көрсетілген 23 762 мемлекеттік қызметтің ішінен басқарма 5 рет қағаз түрінде берілген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден 451 рет бас тартты (барлық бас тартулар электрондық нысанда ұсынылған).

Дата публикации
04 марта 2026