Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

Алматы қаласы Білім басқармасы Наурызбай ауданы, Райымбек даңғылы, № 588 мекенжайында орналасқан жаңадан салынған мемлекеттік тілде 320 орынды мемлекеттік № 204 бөбекжай-балабақшаның ашылуы жоспарланып отырғанын хабарлайды.

Аталған мектепке дейінгі ұйым заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда тәрбиеленуі мен дамуына арналған жайлы ойын және оқу бөлмелерімен, сондай-ақ кең серуен алаңдарымен жабдықталатын болады.

Дата публикации
06 февраля 2026