2025 жылғы қараша айындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы талдамалық есеп

2025 жылғы қараша айындағы мемлекеттік қызметтер бойынша
талдамалық анықтама.
Алматы қаласының Білім басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2025 жылғы
қараша айында 23 243 мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)
көрсетті, оның ішінде:
2671 мемлекеттік қызмет – кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілді;
15 534 мемлекеттік қызмет – кеңсе арқылы балама негізде қағаз нысанда
көрсетілді, бірақ олар «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе)
мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін;
430 мемлекеттік қызмет - көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық
жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз
электрондық түрде көрсетілді (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық
үкімет» веб-порталын қоспағанда );
40 мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық
жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және
өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілді (www.egov.kz,
www.elicense.kz электрондық үкімет веб-порталын қоспағанда);
3962 мемлекеттік қызмет - www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық
үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілді;
Көрсетілген 23 243 мемлекеттік қызметтің ішінен басқарма 4 рет қағаз
түрінде берілген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден 602 рет бас тартты
(барлық бас тартулар электрондық нысанда ұсынылған).

Дата публикации
03 декабря 2025