Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 61 бұйрығымен бекітілген «Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ереже» 2025 жылғы 1 шілдеден бастап заңдық күшіне енгізілгенін хабарлайды.
Бүгінгі таңда елімізде отбасына орналастырудың 4 түрі бар: бала асырап алу, қамқоршылық, патронат және кәсіби қабылдаушы отбасы.
Кәсіби қабылдаушы отбасы-бұл арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж төрт баладан аспайтын баланы алдын-ала таңдамай тәрбиелеуге кәсіби қабылдаушы отбасына уақытша орналастырудың бір түрі.
Кәсіби қабылдаушы отбасы отыз жасқа толған, бірақ алпыс үш жастан аспаған, қорғаншылар мен қамқоршыларға қойылатын талаптарға сай болатын Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады.
Баланы кәсіби қабылдаушы отбасына қабылдауға ниет білдірген үміткерлер терең психологиялық дайындықтан өтеді. Кәсіби қабылдаушы отбасыларды сүйемелдеуді балаларды қолдау орталықтары атқарады.
Кәсіби қабылдаушы отбасына берілген балалардың тәрбиесі мен күтімін бақылау қорғаншылық органдарына жүктеледі.