Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған
ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
D-O-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
D-О-3 |
263 596 |
343 820 |
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 262-19-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, (10мб. аспайтын), Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын жалпылама басшылыққа алу. Қол қоюға ұсынылған құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының, оның ішінде бұйрықтардың, құқықтық сипаттағы шешімдер мен өзге де құжаттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау барысында материалдардың дұрыс және сапалы дайындалуын бақылауды қамтамасыз ету, талап қою-қуыну жұмыстарын жүргізу, соттар мен басқа мемлекеттік органдарда Басқарма мүддесін қорғау. Басқарманы заңды қорғауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерімен қолданыстағы заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бөліммен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарастыру;еңбек тәртібін сақтау. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, өтініш берушілермен ұдайы консультациялық жұмыс жүргізу. Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық актілерімен өзге мәселелерді өкілеттігінің шегінде шешу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану) саласында.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне жалпылама басшылықты жүзеге асырады. Елбасының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру туралы Іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ақпаратты уақтылы жинақтауды және қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жинақтық ақпаратты уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді. Басқарманың жұмыс жоспарын уақытылы жинақтау мен қалыптастыруды ұйымдастырады, Басқарма басшысының бекітуіне енгізеді. Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасымен және Алматы даму орталығымен «Алматы-2020» даму бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде өзара әрекет етеді. «Алматы-2020» даму бағдарламасының нысаналы индикаторларын орындау мониторингін жүзеге асырады және жоғары тұрған органдарға ақпараттарды дайындайды. Олардың жүзеге асуы жөнінде жиынтық есептерін дайындайды. Қаланың білім беру мәселелері бойынша ұсыныстар мен өзекті мәселелерді қоса отырып аналитикалық анықтамаларды және басқа материалдарды, жинақтық ақпараттарды уақытында әзірлейді. Білім беру мәселелері бойынша Басқарма басшысына баяндамалардың жобасын және басқа да ақпараттық-анықтамалық мәліметтерді дайындайды. Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызмет саласына қатысты уақиғалар мен іс-шаралар туралы ақпараттық мәліметтерді дайындауға қатысады. Басқарманың Медиа-жоспарын, ақпараттық-насихаттық жұмысы бойынша есептердің әзірленуін қамтамасыз етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және іске асырады. Интернет-ресурстарды ақпараттық қолдау шараларын жоспарлайды. Интернетте жариялауға материалдар жинау, өңдеу және дайындау. Алматы қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша апта сайынғы ақпараттың уақытылы дайын болуын қамтамасыз етеді. Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер жөніндегі кездесулерді, «дөңгелек» столдарды, семинарларды ұйымдастыруға қатысады. Белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын және бөлімнің басқа да құжаттарын әзірлейді. Басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі Педагогикалық ғылымдар (Педагогика және психология, Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы, Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау, Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау, Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау, Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (Журналистика және ақпарат) саласында.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері немесе кеңесшілері, баспасөз хатшылары конкурс өткізілместен мемлекеттік лауазымға орналасқаннан кейін тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда бір жыл өткен соң ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Бұл ретте, ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін
ЖАДЫНАМА
Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:
- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.
- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.
- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.
- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.
- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.
- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.
- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.
- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.
"Б" корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________
Байланыс телефоны: ____________________________________________________
e-maіl: ________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________
_________ ______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.