2024 жылғы қаңтар айындағы мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама.

2024 жылғы қаңтар айындағы мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама.

 

Алматы қаласының Білім басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2024 жылғы қаңтар айында 18 345  мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)

көрсетті, оның ішінде:

2 175 мемлекеттік қызмет – кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілді;

4 124 мемлекеттік қызмет – кеңсе арқылы балама негізде қағаз нысанда көрсетілді, бірақ олар «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін;

10 644 мемлекеттік қызмет - көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілді (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда );

25 мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілді (www.egov.kz, www.elicense.kz электрондық үкімет веб-порталын қоспағанда);

1 088 мемлекеттік қызмет - www.egov.kz, www.elicense.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілді;

Көрсетілген 18 345 мемлекеттік қызметтің ішінен басқарма берілген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден 289 рет бас тартты (барлық бас тартулар электрондық нысанда ұсынылған).

Дата публикации
05 февраля 2024