Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығының 6 тарау, 30-тармағына сәйкес талаптарды сақтау және қамтамасыз ету бойынша «ЗереЖан2020» ЖШС-не жүргізілген жоспарлы мониторинг туралы хаттама

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің                   2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығының 6 тарау, 30-тармағына сәйкес талаптарды сақтау және қамтамасыз ету бойынша «ЗереЖан2020» ЖШС-не жүргізілген жоспарлы мониторинг туралы хаттама

Күні: 2026 жылғы 12 қазан
Мониторинг жүргізілген күні: 2026 жылғы 8 қазан
Өткізілген орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Прокофьев көшесі, 173 үй, «ЗереЖан2020» ЖШС

 

Комиссия құрамы:

 

Калдарбеков

Ербол Оспанұлы

 

Таишева

Барно Эркиновна

 

 

 

 

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, комиссия мүшесі;

 

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің 1-санатты сарапшысы  (келісім бойынша);

 

Нығыметова

Меркизат Асхатбекқызы

 

 

Рыскулова Жанар Омирбаевна

 

Копбаева

Улбала Азимхановна

Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің бас маманы;

 

«№29 бөбекжай-балабақша» КМҚК меңгерушісі;

 

«№109 бөбекжай-балабақша» КМҚК медбикесі.

 

 

 

  1. Мониторинг жүргізудің негізі мен мақсаты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығының 6-тарауының 30-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын талаптардың сақталуын және қамтамасыз ету бойынша 2026 жылғы 8 қазанда Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Прокофьев көшесі, 173-үй мекенжайында орналасқан 30 орынды 3 топқа арналған «ЗереЖан2020» ЖШС-не (бұдан әрі – МДҰ) жоспарлы мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында МДҰ қызметінің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі қаралды.

  1. Мониторинг барысында анықталған сәйкессіздіктер

2.1. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы                 9 шілдедегі № 59 «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүргізілген мониторинг барысында мынадай сәйкессіздіктер анықталды:

- ас блогының және жалпы МДҰ үй-жайларының санитариялық жай-күйі қанағаттанарлықсыз;

- балаларға ұсынылатын дайын тағамдардың бекітілген ас мәзіріне сәйкестігі қамтамасыз етілмеген;

- аспазшының кәсіби біліктілігін растайтын тиісті құжаттары ұсынылмады;

- азық-түлік өнімдерін сақтау кезінде тауарлық талаптарының сақталмауы анықталды;

- Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алмалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2021 жылғы 1 қарашадағы                                                     № А.02.X.KZ47VWF00051401 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыда МДҰ-ның 30 орынға және 3 топқа арналған. Алайда мониторинг барысында ұйымның нақты жағдайы 2 топқа арналғаны анықталды;

- балалар жиһазы, төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ және ас үй жабдықтары тиісті тәртіппен таңбаланбаған;

- балалар жиһазының өлшемдері тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді;

балалардың ойын алаңы толық жабдықталмаған және тазалықты талап етеді.

2.2. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің                     2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын растайтын құжаттар мониторинг барысында ұсынылмады.

2.3. Терроризмге қарсы қорғау талаптарының сақталуы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                       2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мынадай сәйкессіздіктер анықталды:

  • бейнебақылау жүйесінің мониторына қолжетімділік болмады, жүйенің жұмыс істемейтіні анықталды;
  • дабыл түймесі және дауыстық хабарлау жүйесі жоқ.

2.4. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                         2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді орта қалыптастыруға қатысты мынадай сәйкессіздіктер анықталды:

  • пандус орнатылмаған;
  • қажетті арнайы ақпараттық және бағыттаушы белгілер жоқ;

- мүгедектігі бар адамдарға арналған шақыру түймесі орнатылмаған.

2.5. Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                          2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мониторинг барысында мынадай сәйкессіздіктер анықталды:

  • МДҰ жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті жабдықтармен және жиһазбен толық қамтамасыз етілмеген;
  • жиһаздардың өлшемдері балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді;
  • жиһаздар тиісті тәртіппен таңбаланбаған;
  • ойыншықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі анықталды.

2.6. Медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек

Қолданыстағы санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек ұйымдастырылуы тиіс. Мониторинг барысында:

  • МДҰ 2023 жылғы 26 қарашада «Асыл Мед и К» ЖШС-мен № 235 шарт жасалған. Алайда шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күні көрсетілмеген;
  • МДҰ медбикесі жұмыс орнында болмады;
  • медициналық қызмет көрсетуге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған бөлменің санитариялық жай-күйі қанағаттанарлықсыз, қажетті жабдықтармен толық жабдықталмаған.

2.7. Педагог кадрлармен қамтамасыз ету және құжаттардың болуы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                          2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының                           2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мониторинг барысында педагог кадрлармен қамтамасыз етуге қатысты тиісті құжаттар толық ұсынылмады.

Атап айтқанда, штат санына сәйкес педагогтердің тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімін және біліктілігін растайтын құжаттар толық ұсынылмады.

  1. Мониторинг қорытындысы

Мониторинг нәтижелері бойынша «ЗереЖан2020» ЖШС қызметінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау, жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру, медициналық қызмет көрсету және педагог кадрлармен қамтамасыз ету бағыттары бойынша сәйкессіздіктер анықталды.

Анықталған сәйкессіздіктерді жою және белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында «ЗереЖан2020» ЖШС-не           7 (жеті) жұмыс күні ішінде тиісті түзету шараларын қабылдау және оларды орындауды растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігі ескертілді.

Белгіленген мерзімде сәйкессіздіктер жойылмаған жағдайда, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген негіздер мен тәртіпке сәйкес қызмет көрсетушілер тізбесінен шығарылатыны туралы ескертілді.

 

Комиссия құрамы:

 

Калдарбеков

Ербол Оспанұлы

 

Таишева

Барно Эркиновна

 

 

 

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, комиссия мүшесі;

 

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің 1-санатты сарапшысы  (келісім бойынша);

 

Нығыметова

Меркизат Асхатбекқызы

 

 

Рыскулова Жанар Омирбаевна

 

Копбаева

Улбала Азимхановна

Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің бас маманы;

 

«№29 бөбекжай-балабақша» КМҚК меңгерушісі;

 

«№109 бөбекжай-балабақша» КМҚК медбикесі.

 

Дата публикации
13 октября 2026