Хабарландыру!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын (бұдан әрі - Қағида) бекіту туралы № 381 бұйрығына сәйкес Алматы қаласының Білім басқармасы 4 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 3 000 орындық қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 2026 жылға арналған қосымша білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар арасында конкурс өткізеді.
|
р/с |
Қосымша білім беру бағыттарының түрлері |
Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны
|
|
1 |
Ғылыми-техникалық бағыт
|
310 |
|
2 |
Туристік-өлкетану бағыты
|
0 |
|
3 |
Экологиялық-биологиялық бағыт |
40 |
|
4 |
Көркемдік-эстетикалық бағыт |
240 |
|
5 |
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт |
200 |
|
6 |
Гуманитарлық бағыт (тіл курстары) |
1 150 |
|
7 |
Жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар) |
885 |
|
|
Барлығы |
2 825 |
|
|
|
|
р/с |
Қосымша білім беру бағыттарының түрлері |
Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны
|
|
1 |
Ғылыми-техникалық бағыт |
20 |
|
2 |
Көркемдік-эстетикалық бағыт |
60 |
|
3 |
Гуманитарлық бағыт (тіл курстары) |
35 |
|
4 |
Жаратылыстану-математикалық бағыт |
40 |
|
5 |
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт |
20 |
|
|
Барлығы |
175 |
|
|
Жалпы барлығы |
3 000 |
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қағиданың 5-қосымшасындағы нысан бойынша өтініш;
2) Заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;
3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;
4) Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;
5) Педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;
6) Педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;
7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;
9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.
Сондай-ақ, балаларды қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу Қағиданың 66 тармағындағы құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылдың 02-09 шілде аралығы.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы, Республика даңғылы, 4 мекенжайында (фронт-офис, 109 каб.) жүзеге асырылады.
Балалардың қосымша білім алуына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін, ұсынылатын құжаттар тігіледі, нөмірленеді, басшының қолымен және мөрмен куәландырылады.
Ұсынылған құжаттар 15 жұмыс күн ішінде қаралады.