1. Алматы қаласы Білім Басқармасы Стратегия және кәсіптік білім бөлімі
(бұдан әрі – отдел) Алматы қаласы Білім Басқармасының (бұдан әрі – Басқарма)
құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Қазақстан
Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін», Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңын,
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан
Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 «Мемлекеттік және мемлекеттік
емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы және электрондық құжат
айналымы жүйелерін пайдалануды басқару қағидаларын бекіту туралы»
Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен,
Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларымен, Алматы қаласы әкімінің
шешімдерімен және өкімдерімен және басқа да нормативтік-құқықтық
актілермен, Басқару ережесімен, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлім қызметкерлерінің құрылымы мен саны Қазақстан
Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
4. Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) Басқарма міндеттеріне сәйкес мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі
жұмыстарды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің
бақылау актілерін, қала әкімдігінің қаулыларын, Басқарма қызметіне қатысты
қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін уақтылы және сапалы орындау;
3) білім беру жүйесін дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және
өңірлік бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын, жобаларды іске асыруды
қамтамасыз ету;
4) Басқарма алқасының
құжаттамалық қамтамасыз ету;
жұмысын ұйымдастырушылық
5) Басқарма жұмысын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
және
6) азаматтардың техникалық және кәсіптік білім алуын қамтамасыз ету
(бұдан әрі – ТжКБ);
7) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
5. Бөлімнің негізгі функциялары:
1) Алматы қаласы әкімінің аппаратымен, басқармалармен және басқа да
мемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
2) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен
лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқауларын орындау;
3) Басқарманың бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан
оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша бөлімге жүктелген
функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты сұрау және алу;
4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған және
өзге де ұйымдармен хат алмасу;
5) жоғары тұрған органдардан қызметтік құжаттарды қарау;
6) жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға
ақпарат дайындау;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің ел халқына жыл сайынғы
Жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс шаралар жоспарларының
орындалуы туралы жиынтық есептер мен ақпараттар дайындау;
8) Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және
кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған
Тұжырымдамасын іске асыру бойынша жиынтық есептер мен ақпараттар
дайындау;
9) Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі Бағдарламасын және
2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды және басқа да өңірлік
бағдарламаларды іске асыру бойынша жиынтық есептер мен ақпараттар
дайындау;
10) Басқарманың жылдық жұмыс жоспарын қалыптастыруға қатысу.
11) Басқарманың жұмыс жоспарын іске асыру бойынша жиынтық есептер
мен ақпараттар дайындау;
12) Басқарма қызметіне қатысты жиынтық талдамалық анықтамаларды,
есептерді және басқа да ақпараттық материалдарды ұсыныстармен және
қойылымдық сұрақтармен дайындау.
13) Басқару алқасының жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыру;
14) Басқарма алқасының отырыстарын дайындау (ақпараттық
материалдарды жинау, өткізу тәртібін жасау, алқа мүшелерін және басқа
қатысушыларды өткізу уақыты мен орны, күн тәртібі туралы хабардар ету,
оларды тіркеу);
15) Басқару алқасының шешімдерін дайындау;
16) аппараттың және басқа да мемлекеттік ұйымдардың баспасөз
қызметтерімен, БАҚ-пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
17) медиажоспарды жүзеге асыру (Басқарманың жұмысы туралы медиажоспар, анонстар, пресс-релиздер және басқа да ақпараттар дайындау);
18) Басқарманың медиа-жоспарын іске асыру бойынша ақпарат пен
есептілікті дайындау;
19) Басқарманың ресми сайтында, БАҚ және әлеуметтік желілерде
жариялау үшін мақалалар, жарияланымдар, сұхбаттар, брифингтерде және
басқа да ақпараттық материалдарды дайындау;
20) Басқарманың ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Басқарма
беттерінде ақпараттық контентті жаңарту және толықтыру бойынша жұмысты
жүзеге асыру.
21) ТжКБ бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын
қалыптастыруға, бөлуге және орналастыруға конкурс ұйымдастыру және
өткізу;
22) ТжКБ-мен мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу
және орналастыру үшін комиссия құру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстары;
23) ТжКБ ұйымдарынан өтінімдерді жинау және жинақтау;
24) кадрлардың болжамды қажеттілігі бойынша деректерді жинау және
талдау;
25) ТжКБ-мен мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу
және орналастыру жөніндегі комиссия отырыстарын ұйымдастыру;
26) ТжКБ-мен мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және
бөлу бойынша комиссия шешімінің хаттамасын және әкімдік қаулысының
жобасын дайындау;
27) ТжКБ-мен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша
комиссия шешімінің хаттамасын және әкімдік қаулысының жобасын дайындау;
28) мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде студенттер
контингентін қабылдау бойынша колледждермен келісу және бекіту;
29) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және білім
беру бағдарламаларына сәйкес Алматы қаласы ТжКБ ұйымдарда ҚР
азаматтарының ТжКБ алуын қамтамасыз ету мониторингі;
30) ТжКБ мемлекеттік ұйымдарының оқытушыларының біліктілігін
арттыру курстарынан өтуін ұйымдастыру (тізімдерді дайындау, сабаққа қатысу
және үлгерім мониторингі);
31) ТжКБ мемлекеттік ұйымдарының педагогтері үшін шетелде
тағылымдамадан өту біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға
жәрдемдесу;
32) кәсіпорындар базасында студенттердің өндірістік практикасын және
оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамасын
ұйымдастыруға жәрдемдесу;
33) әлеуметтік әріптестер өкілдерінің білім алушыларды қорытынды
аттестаттауға қатысуына жәрдемдесу;
34) өңірлік кәсіпкерлер палатасымен әлеуметтік әріптестік бойынша
жұмысты үйлестіру;
35) білім беру бағдарламаларын әлеуметтік әріптестермен келісу;
36) ТжКБ ұйымдары мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы әлеуметтік
әріптестікті дамытуға бағытталған іс-шаралар мен бағдарламаларды әзірлеу
және іске асыру;
37) әлеуметтік әріптестер есебінен ТжКБ ұйымдарының материалдықтехникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу;
38) ТжКБ бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын
мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың бланкілерімен қамтамасыз ету
және олардың пайдаланылуын бақылау;
39) Қазақстан Республикасының Оқу -ағарту министрлігіне және банкнот
фабрикасына жіберу үшін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды алуға
өтінімдерді жинау және жинақтау;
40) Банкнот фабрикасына жібере отырып, мемлекеттік үлгідегі білім
туралы құжаттарды алуға өтінімдерді нақтылау және түзету;
41) банкнот фабрикасына орталықтандырылған түрде ұсыну үшін
мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды алуға шарттар мен
сенімхаттарды жинау және тексеру;
42) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың дұрыс сақталуын,
берілуін, жойылуын және толтырылуын, қатаң есептілік құжаттарының
жүргізілуін бақылау.
43) ТжКБ саласындағы талдамалық жұмыс:
44) мемлекеттік және жеке колледждер бойынша жедел және талдамалық
ақпаратты қамтамасыз ету;
45) ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысы бойынша материалдарды
жинақтау және олардың сұратуы бойынша жоғары тұрған органдарға ақпарат
дайындау;
46) ТжКБ мемлекеттік ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз
етуге өтінімдерді жинау және жинақтау;
47) ТжКБ ұйымдарында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
мүгедек білім алушылар туралы ақпарат жинау;
48) мемлекеттік бағдарламаларды орындау жөніндегі басқарманың
жұмысы туралы жиынтық ақпарат дайындау;
49) басшылықтың және басқа да мемлекеттік органдардың сұрау
салулары бойынша ақпараттық-талдамалық құжаттарды дайындау;
50) студенттер, оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері арасында
кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу:
51) кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуға өтінімдер жинау;
52) өткізу кестесін дайындау, қазылар алқасының құрамын бекіту, өткізу
орнына тапсырмаларды жеткізуді ұйымдастыру, кезекшілікті ұйымдастыру,
жеңімпаздар үшін грамоталар дайындау;
53) оқушылар, оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері арасындағы
ақпараттық жұмыс;
54) студенттердің, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің
конкурстарға қатысуын бақылау және үйлестіру;
55) кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу қорытындысы бойынша
бұйрықтарды дайындау және бекіту;
56) өңірлік және өңіраралық кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру
және өткізу;
57) өз құзыреті шегінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті
көрсететін құндылықтарды сақтау және нығайту жөніндегі қызметті жүзеге
асыру;
58) ТжКБ ұйымдарының қызметін үйлестіру;
59) ТжКБ ұйымдары басшыларының Республикалық кеңесінің жұмысына
қатысу;
60) ТжКБ ұйымдарының желісін дамыту бойынша жұмыстарды
ұйымдастыру;
61) педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген адамдарды
аттестаттау, оның ішінде ТжКБ мемлекеттік ұйымдарының басшыларын
аттестаттау;
62) ТжКБ мемлекеттік ұйымдары басшыларының лауазымдарына
орналасуға конкурстық комиссияның жұмысына қатысу;
63) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші
ротациялау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу;
басшыларын
64) ТжКБ ұйымдарының қызметін мониторингілеу және талдау жөніндегі
комиссиялардың жұмысына қатысу;
65) құзыреті шегінде семинарлар, конференциялар, кеңестер және басқа
да іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
66) шетелдік білім беру ұйымдары мен өндірістік кәсіпорындар
өкілдерінің, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктер мен шетелдік мемлекеттік
органдар қызметкерлерінің қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстелдер,
конкурстар және басқа да түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
67) ТжКБ саласында халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты
ұйымдастыру;
68) шетелде оқу және тағылымдамадан өту үшін студенттермен алмасуды
ұйымдастыруға жәрдемдесу;
69) ТжКБ мемлекеттік ұйымдары басшыларының КРІ тиімділігінің негізгі
көрсеткіштерін әзірлеу және оларға қол жеткізу мониторингі;
70) ТжКБ ұйымдарының қызметі бойынша жиынтық статистикалық
есептерді жасау;
71) Басқарма басшылығының қарауына оның құзыретіне жататын
мәселелер бойынша талдамалық анықтамалар мен қызметтік жазбаларды
ұсыну;
72) ТжКБ нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде
ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және енгізу;
73) басқа мемлекеттік органдар әзірлеген НҚА жобасын қарастыру;
74) түрлі қалалық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға
қатысу;
75) ТжКБ мемлекеттік ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құру және
олардың жұмысына қатысу;
76) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
77) азаматтардың жеке мәселелері бойынша шағымдарын, өтініштерін
қарау, оның ішінде азаматтарды қабылдау;
78) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;
79) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелетін
өзге де өкілеттіктерді Басқарма мүддесінде жүзеге асырады.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
6. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент
актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық
актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын орындауға
өкілеттігі бар.
7. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен лауазымға тағайындалған және босатылатын басшы басқарады.
8. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады
және Бөлімге жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына
жауап береді.
9. Бөлім басшысы бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша Алматы
қаласы білім Басқармасының басшысына ұсыныстар береді.
10. Осы мақсатта Бөлім басшысы:
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) бөлімнің функцияларын өз өкілеттіктері шегінде бөледі;
3) Басқарма басшылығы тапсырған басқа да функцияларды орындайды.
11. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарманың
басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілген құжаттарға Бөлім басшысы қол
қояды, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.