2025–2026 оқу жылының соңындағы сыныптар желісі мен білім алушылар контингентіне жүргізілген талдау Жетісу ауданының білім беру жүйесінің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
Оқу жылында аудан мектептерінде 1153 сынып-комплект жұмыс жасап, онда 28678 оқушы білім алды. Сыныптардың орташа толымдылығы 24,9 оқушыны құрайды, бұл нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келеді және контингенттің ұтымды бөлінгенін айғақтайды.
Білім алушылар контингентінің білім деңгейлері бойынша құрылымы: мектепалды даярлық – 31 сынып, 605 тәрбиеленуші; бастауыш буын (1–4 сыныптар) – 11753 оқушы;
негізгі мектеп (5–9 сыныптар) – 13755 оқушы; жоғары буын (10–11 сыныптар) – 3170 оқушы.
Білім алушылардың ең көп саны 5–9 сыныптарда шоғырланған, бұл ауданның жалпы контингентінің жартысына жуығын құрайды. Бұл негізгі буынға түсетін жүктеменің жоғары екенін және осы білім беру деңгейін кадрлық әрі ресурстық қамтамасыз етуді күшейту қажеттігін көрсетеді.
Бастауыш мектептегі контингентте тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталуда, бұл оң демографиялық динамиканың және оқушыларды қабылдаудың тұрақтылығын білдіреді.
10–11 сыныптардағы білім алушылар саны негізгі мектеппен салыстырғанда едәуір төмен. Бұл 9-сынып түлектерінің бір бөлігінің колледждер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруымен байланысты.
Жалпы алғанда, көрсеткіштер: аудан мектептеріндегі сыныптардың тұрақты толымдылығын; оқушылар контингентінің жоғары деңгейде сақталғанын; әсіресе негізгі буында инфрақұрылым мен кадрлық әлеуетті одан әрі дамыту қажеттігін көрсетеді.
Мектеп түлектері арасында: «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер – 81, 11-сынып -түлектері арасында үздік аттестатқа үміткерлер – 124; 9-сынып-түлектері арасында үздік аттестатқа үміткерлер – 217.
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша барлық мектептерде үлгерім деңгейі 99,9–100% аралығында тұрақты сақталуда. Бұл педагогикалық ұжымдардың білім беру бағдарламаларын меңгертуді қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді. Орташа үлгерім көрсеткіші: 4-тоқсан бойынша – 99,99%; 2025–2026 оқу жылы бойынша – 99,99%.
№143 және №193 мектеп-лицейлерінде үлгерімі төмен оқушылар бар, алайда бұл жағдай мектептер желісі бойынша жалпы көрсеткішке айтарлықтай әсер етпейді.
Көптеген мектептерде үлгерім деңгейі тұрақты түрде 100% сақталуда. Білім сапасының орташа көрсеткіші: 4-тоқсан бойынша – 64,1%; 2025–2026 оқу жылы бойынша – 65,5%. Жыл қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижелер көрсеткен мектептер:
Білім сапасының оң динамикасы білім беру ұйымдарының басым көпшілігінде байқалады. Ең жоғары өсім көрсеткіштері:
Жалпы алғанда, білім сапасының оң динамикасы байқалады. Бұл білім беру сапасын арттыру және білім алушылардың оқу мотивациясын күшейту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.
Оқушы орындарының тапшылығы мен артықшылығы
Жетісу ауданы мектептеріндегі оқушы орындарының тапшылығы мен артықшылығына жүргізілген талдау білім беру ұйымдарына түсетін жүктеменің біркелкі еместігін және оқушылар контингентін одан әрі қайта бөлудің қажеттілігін көрсетеді.
Оқушы орындарының ең жоғары тапшылығы келесі мектептерде байқалады:
Аталған мектептер жоғары деңгейдегі шамадан тыс жүктеме жағдайында жұмыс істеуде. Бұл педагогтер мен мектеп инфрақұрылымына түсетін салмақты арттырып, оқу процесін ұйымдастыру сапасына әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар, келесі мектептерде оқушы орындарының едәуір артықшылығы бар:
Орындардың артық болуы жекелеген мектептердің резервтік мүмкіндіктері бар екенін және оқушылар контингентін ішінара қайта бөлуге мүмкіндік бар екенін көрсетеді.
Жалпы аудан бойынша шамадан тыс жүктемесі бар мектептер мен бос орындары бар білім беру ұйымдары арасында теңгерімсіздік сақталуда. Бұл: оқушылар контингентін одан әрі реттеу; шағынаудандарды оңтайландыру; жүктемесі жоғары мектептердің инфрақұрылымын дамыту; артық орны бар мектептердегі бос оқушы орындарын тиімді пайдалану қажеттігін көрсетеді.
Инклюзивті білім беру және үйде оқуты ұймдастыру
2025–2026 оқу жылының соңындағы мәлімет бойынша Жетісу ауданында психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балаларға арналған сыныптар №57 жалпы білім беретін мектепте және №112 жалпы білім беретін мектепте жұмыс істейді.
№57 мектепте – 12 оқушы, №112 мектепте – 39 оқушы білім алуда. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар (ЕБҚ) балалар саны – 293, бұл жалпы оқушылар санының 1,02%-ын құрайды.
ЕБҚ бар оқушылар білім алатын сыныптар саны – 348. Оның ішінде: мүгедектігі бар балалар – 34; тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар – 8; көру қабілеті төмен балалар – 5; есту қабілеті төмен балалар – 8; аутизмі бар балалар – 7; психикалық дамуы тежелген балалар – 251; жеңіл деңгейдегі зият бұзылыстары бар балалар – 38; орташа деңгейдегі зият бұзылыстары бар балалар – 3; сөйлеу тілі бұзылған балалар – 28.
Үйде оқытылатын ЕБҚ бар балалар саны – 13.
Барлық мектептерде психологтар, әлеуметтік педагогтер, арнайы педагогтер және тьюторлар қызмет атқарады. Жалпы педагогтердің ішінен 700 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен, бұл жалпы педагогтер санының 36%-ын құрайды. Аудан бойынша: психологтар саны – 43; логопедтер – 17; арнайы педагогтер – 12; тьюторлар – 63.
Үйде оқытуды ұйымдастыру
Ұсынылған мәліметтерді талдау бұл санаттағы білім алушылардың түрлі медициналық диагноздармен, ұзақ мерзімді ем қабылдаумен және оқытудың жеке жағдайларын ұйымдастыру қажеттілігімен сипатталатынын көрсетеді.
Денсаулық жағдайына байланысты үйде оқытылатын оқушылардың жалпы саны – 75-тен астам. Ең көп оқушы саны келесі мектептерде тіркелген:
Нозологиялар бойынша талдау
Басым диагноздар: орталық жүйке жүйесі аурулары; балалар церебралды сал ауруының (БЦСА) түрлі түрлері; эпилепсия және эпилепсиялық синдромдар; ақыл-ой кемістігі; аутистік спектр бұзылыстары; туа біткен даму ақаулары; ауыр созылмалы соматикалық аурулар. Ең жиі кездесетін диагноздар:эпилепсия және эпилепсиялық синдромдар; БЦСА-ның әртүрлі түрлері; орталық жүйке жүйесінің зақымдануы; психосөйлеу дамуының бұзылыстары.
Сонымен қатар: онкологиялық аурулары бар; күрделі хирургиялық операциялардан кейінгі; жүрек, бүйрек, буын аурулары бар; тірек-қимыл аппараты бұзылған; ауыр аутоиммундық және генетикалық аурулары бар оқушылар да бар.
Жас және тілдік құрамы, үйде оқыту 1–11 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған.
Оқушылардың басым бөлігі: бастауыш буында (1–4 сыныптар); орта буында (5–8 сыныптар) оқиды.
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, оның ішінде орыс тілінде оқыту басым. Оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері. Оқушылардың көпшілігі дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы мен мектеп бұйрықтары негізінде толық оқу жылы бойы үйде оқытылады. Кейбір балаларға үйде оқыту уақытша тағайындалған: операциялардан кейін; жарақаттардан кейін; созылмалы аурулардың асқыну кезеңінде.
Оқытуды ұйымдастыру: жеке тәсілді; икемді сабақ кестесін;психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді;
* мектеп, отбасы және медициналық ұйымдардың тығыз өзара байланысын талап етеді.
Негізгі мәселелер мен тәуекелдер
Талдау барысында келесі ерекшеліктер анықталды: ауыр неврологиялық бұзылыстары бар оқушылар үлесінің жоғары болуы; қатар жүретін диагноздардың кездесуі; әлеуметтену мен коммуникациядағы қиындықтар; кейбір оқушыларда оқу мотивациясының төмендеуі; жүйелі түзету көмегінің қажеттілігі. Кейбір оқушыларға:
педагог-ассистенттің сүйемелдеуі; логопед, дефектолог, психолог тарапынан түзету қолдауы; оқу бағдарламалары мен бағалау жүйесін бейімдеу қажет.
2025–2026 оқу жылында үйде оқытуды ұйымдастыру ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың қауіпсіз әрі қолжетімді жағдайда білім алу құқығын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жүргізілген талдау: ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту; педагогтердің инклюзивті және үйде оқыту мәселелері бойынша біліктілігін арттыру; психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді кеңейту; цифрлық білім беру ресурстарын белсенді қолдану; білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу бойынша жүйелі жұмысты дамыту қажеттігін көрсетеді. Жалпы алғанда, мектептердің үйде оқытуды ұйымдастыру жұмысы тұрақты әрі әлеуметтік маңызы жоғары сипатқа ие және әрбір баланың жеке мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, білім сапасын сақтауға және қолдауға бағытталған.
Әр түрлі деңдейдегі семинарлар өткізу туралы:
2025 жылғы қыркүйек пен 2026 жылғы мамыр аралығында аудандық, қалалық және республикалық деңгейлерде өткізілген семинарларға жүргізілген талдау Жетісу ауданы мектептерінің белсенді әдістемелік қызметін және педагогтердің кәсіби өзара іс-қимылының жоғары деңгейін көрсетеді.
Семинарларды ұйымдастыруда №101 мектеп-гимназиясы, №143 мектеп-лицейі, №57 жалпы білім беретін мектеп, №177 мектеп-гимназиясы, № 87 жалпы білім беретін мектеп және №80 жалпы білім беретін мектеп ерекше белсенділік танытты. Аталған мектептерде педагогтердің түрлі санаттарына арналған аудандық, қалалық және республикалық іс-шаралар өткізілді.
Семинарлардың негізгі бағыттары: білім беру процесіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу; инклюзивті білім беруді дамыту; функционалдық сауаттылық пен STEM-құзыреттіліктерді қалыптастыру; ұлттық тәрбие мен патриоттық құндылықтарды нығайту; психологиялық сүйемелдеу және профилактикалық жұмыстар жүргізу.
Әсіресе, аудан мектептері білім беруде жасанды интеллектіні қолдану тақырыбы бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бойынша семинарлар №57, №80, №87, №101, №102, №103, №108, №110, №137 жалпы білім беретін мектептерде, №143 мектеп-лицейінде, №177, №148 мектеп-гимназияларында және басқа да мектептерде өткізілді. Бұл педагогикалық қауымдастықтың заманауи білім беру тәжірибелеріне көшу үрдісін көрсетеді.
Қалалық және республикалық деңгейде төмендегідей жоғары белсенділік байқалды:
№101 мектеп-гимназиясы директорлар мен директордың орынбасарларына арналған республикалық әдістемелік семинар ұйымдастырды;
№57 жалпы білім беретін мектеп ұлттық құндылықтар тақырыбында республикалық семинар өткізді;
№177 мектеп-гимназиясы «Өрлеу» ұйымымен бірлескен қалалық тәжірибеге бағытталған семинарлардың алаңына айналды;
№143 мектеп-лицейі STEM, жасанды интеллект және жобалық оқыту бағыттары бойынша жүйелі түрде семинарлар өткізді.
Сонымен қатар, жекелеген мектептер (№43, №66) семинарлар өткізу бойынша ақпарат ұсынбаған, бұл олардың әдістемелік және тәжірибе тарату қызметін жандандыру қажеттігін көрсетеді.
Жалпы алғанда, аудан мектептерінің жұмысы: педагогтердің кәсіби белсенділігінің артуымен; мектепаралық ынтымақтастықтың кеңеюімен; инновациялық білім беру технологияларын енгізумен; әдістемелік жұмыста тәжірибеге бағытталған тәсілдің күшеюімен сипатталады
Тағылымдама шеңберіңде өткізілген семинарларды талдау
Директорлар, директордың орынбасарлары және педагогтерге арналған тағылымдамалық семинарларға жүргізілген талдау Жетісу ауданы мектептерінің заманауи басқарушылық және педагогикалық тәжірибелерді аудандық, қалалық және республикалық деңгейлерде белсенді түрде таратып отырғанын көрсетеді.
Ең белсенді тағылымдамалық алаңдар ретінде:
Тағылымдамалық семинарлардың негізгі бағыттары: білім беру процесіне жасанды интеллектіні енгізу; сингапурлық оқыту тәжірибесін тарату; STEM-білім беруді дамыту; инклюзивті білім беруді жетілдіру; мектеп тиімділігін басқару және заманауи білім беру экожүйелерін дамыту.
Практикаға бағытталған форматтарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда: каскадтық оқыту; воркшоптар; практикалық семинарлар; шетелдік тағылымдамалар тәжірибесімен алмасу жұмыстары жүргізілді.
Қалалық және республикалық деңгейде жоғары белсенділік танытқан мектептер:
№101 мектеп-гимназиясы — білім беруде жасанды интеллектіні және ұлттық құндылықтарды енгізу бойынша қалалық және республикалық семинарлар өткізді;
№148 және №177 мектеп-гимназиялары — сингапурлық және STEM тәжірибелерін жүйелі түрде таратты;
№118 мектеп-гимназиясы,№87 жалпы білім беретін мектеп, №80 жалпы білім беретін мектебі — ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және мектеп тиімділігін басқару бойынша шетелдік тәжірибелерді таныстырды.
Жалпы алғанда, аудан мектептерінің тағылымдамалық семинарлар бойынша жұмысы:
кәсіби көшбасшылықтың күшеюімен; халықаралық тәжірибені белсенді енгізумен; басқарушылық құзыреттіліктердің дамуымен; педагогтер мен мектеп басшыларына әдістемелік қолдау сапасының артуымен сипатталады.
Педагогтердің кәсіби ба қауларға қатысуы
2025–2026 оқу жылында Жетісу ауданының педагогтері аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби байқауларға белсенді қатысты. Педагогтердің қатысуы педагогикалық шеберлік, цифрлық технологиялар, психологиялық сүйемелдеу, авторлық бағдарламалар және инновациялық сабақтар бағытындағы байқауларды қамтыды. Ең белсенді мектептер: №57; №80; №87; №110; №112; №118; №129; №148; №177.
Аудан педагогтері келесі байқауларда жоғары нәтижелер көрсетті: «Педагогикалық оқулар»; «Үздік цифрлық сабақ»; «Үздік психолог»; «Мен – кәсіби маманмын»;«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»; «Ақылды сабақ»; CLIL кіріктірілген сабақтар байқауы.
Ең маңызды жетістіктер
№80, №148, №177 мектептерінің педагогтері кәсіби байқаулардың қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
№110, №112, №87, №177 мектептерінің педагог-психологтері «Үздік психолог» байқауының аудандық, қалалық және республикалық кезеңдерінде жоғары нәтижелер көрсетті.
№87 мектептің мұғалімдері Алматы қаласының үздік цифрлық педагогтерінің ТОП-10 қатарына енді.
№110 және №137 мектептердің педагогтері мұғалімдер арасындағы республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері атанды.
Инновациялық және цифрлық сабақтар байқауларында №57, №80, №110, №177 мектептері жоғары белсенділік танытты.
Талдау нәтижелері: педагогтердің кәсіби белсенділігінің артқанын; цифрлық және инновациялық байқауларға қызығушылықтың өскенін; зерттеушілік және әдістемелік мәдениеттің дамығанын; жас педагогтердің қатысуының күшейгенін; педагогикалық тәжірибені қалалық және республикалық деңгейде белсенді насихаттауды көрсетеді.
Жетісу ауданы педагогтерінің кәсіби байқауларға қатысуы: кәсіби шеберлікті арттыруға; тиімді педагогикалық тәжірибені таратуға; педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға; мектептер мен ауданның жалпы имиджін көтеруге ықпал етеді.
Сонымен қатар, келесі бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру қажет:
республикалық деңгейдегі қатысушылар санын арттыру; жас педагогтерді сүйемелдеу;
цифрлық технологиялар мен инклюзивті білім беру саласындағы байқау қозғалысын дамыту; жүлделі орындарға үміткер педагогтерді қолдау.
2025–2026 оқу жылының вакансия мәселесі
2025–2026 оқу жылының соңында ауданның білім беру ұйымдарында педагог кадрларға деген қажеттілік сақталуда. Жалпы қажеттілік – 83 бос жұмыс орны.
Талдау нәтижесі бойынша ең сұранысқа ие мамандар: орыс тілі мұғалімдері — 11 бос орын; математика мұғалімдері — 16 бос орын; дефектологтер — 8 бос орын; бастауыш сынып мұғалімдері — 7 бос орын; логопедтер — 7 бос орын; педагог-ассистенттер — 7 бос орын; кәсіби бағдар берушілер — 6 бос орын.
Пәндік бос орындар бойынша талдау
Математика пәні мұғалімдерінің тапшылығы білім берудің барлық деңгейлерінде сақталуда. Ең жоғары қажеттілік: №112 жалпы білім беретін мектеп — 2; №118 мектеп-гимназиясы — 2; №129 жалпы білім беретін мектеп — 2; №193 жалпы білім беретін мектеп — 2.
Орыс тілі мұғалімдері — 11 бос орын
Ең жоғары тапшылық: №80 жалпы білім беретін мектеп — 2; №112 жалпы білім беретін мектеп — 2; №177 мектеп-гимназиясы — 2; №193 жалпы білім беретін мектеп — 2.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандары
Келесі мамандарға сұраныс жоғары деңгейде сақталуда: дефектологтер — 8 бос орын; логопедтер — 7 бос орын; педагог-ассистенттер — 7 бос орын.
Бұл ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар санының артуымен және инклюзивті білім берудің дамуымен байланысты.
Мектептер бойынша талдау, ең көп бос жұмыс орындары: №112 жалпы білім беретін мектеп — 13; №80 жалпы білім беретін мектеп — 12; №118 мектеп-гимназиясы — 11; №87 жалпы білім беретін мектеп — 10; №193 жалпы білім беретін мектеп — 6.
Келесі мектептерде бос жұмыс орындары жоқ: №2 жалпы білім беретін мектеп; №43 жалпы білім беретін мектеп; №102 жалпы білім беретін мектеп.
Бұл аталған білім беру ұйымдарындағы кадрлық жағдайдың салыстырмалы түрде тұрақты екенін көрсетеді.
Кадрлық қажеттілік тек пән мұғалімдері арасында ғана емес, сондай-ақ сүйемелдеу мамандары арасында да байқалады: дефектологтер; логопедтер; педагог-психологтер; педагог-ассистенттер.
Сонымен қатар, келесі бағыттар бойынша жекелеген бос орындар бар: оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары; тәлімгерлер; робототехника мұғалімдері; музыка және дене шынықтыру пәні мұғалімдері.
Кадрлық жағдайды талдау оқу жылының соңында ауданда білікті педагог кадрларға, әсіресе: математика; орыс тілі; арнайы педагогика және инклюзивті сүйемелдеу бағыттары бойынша қажеттілік сақталғанын көрсетеді.
Бос жұмыс орындарының пайда болуының негізгі себептері:
тар бейінді мамандар тапшылығы; жекелеген мектептердегі жоғары жүктеме; инклюзивті білім берудің дамуы; кадрлардың тұрақтамауы; қосымша сыныптардың ашылуы және білім алушылар контингентінің артуы.
Кадр тапшылығын төмендету үшін: жас мамандарды тарту жұмысын күшейту;
педагогикалық колледждермен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту; тәлімгерлік жүйесін дамыту; педагогтерге әлеуметтік қолдау шараларын қарастыру; инклюзивті білім беру мамандарын даярлауды жалғастыру қажет.
Жалпы алғанда, аудандағы кадрлық жағдай басқарылатын деңгейде сақталуда. Алайда жекелеген мектептер мен даярлық бағыттары бойынша педагог кадрлар тапшылығын толықтыру мақсатында жүйелі әрі нысаналы жұмыстар жүргізуді талап етеді.
Педагогтардың біліктілік санаттарын талдау
Ауданның білім беру ұйымдарында барлығы 2026 педагог қызмет атқарады. Біліктілік санаттарына жүргізілген талдау кадрлық әлеуеттің тұрақтылығын және кәсіби санаты бар педагогтердің айтарлықтай үлесін көрсетеді.
Педагогтердің санаттар бойынша жалпы құрылымы: педагог — 474 адам; педагог-модератор — 664 адам; педагог-эксперт — 347 адам; педагог-зерттеуші — 534 адам; педагог-шебер — 15 адам.
Ең жоғары үлесті «педагог-модератор» санатындағы 664 педагог құрайды. Бұл білім беру мазмұнын жаңарту үдерісіне педагогтердің белсенді қатысуын және кәсіби дамуға ұмтылысын көрсетеді.
Екінші орында «педагог-зерттеуші» санатындағы 534 педагог тұр. Бұл аудан бойынша заманауи білім беру технологияларын меңгерген, тәжірибе жинақтап, оны тарата алатын педагогтердің жеткілікті деңгейде қалыптасқанын дәлелдейді.
«Педагог-эксперт» санатында 347 педагог бар. Бұл педагогтердің кәсіби шеберлігінің тұрақты түрде дамып келе жатқанын және сараптамалық қызметке тартылып отырғанын көрсетеді.
«Педагог» санатында 474 мұғалім бар. Бұл негізінен жас мамандар мен кәсіби қалыптасу кезеңіндегі педагогтер.
Ең жоғары «педагог-шебер» санаты бойынша 15 педагог тіркелген. Саны аз болғанымен, бұл санаттағы педагогтер тәлімгерлік, озық тәжірибені тарату және әдістемелік қолдау жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Білім беру ұйымдары бойынша талдау, ең көп педагог жұмыс істейтін мектептер:
№118 мектеп-гимназиясы — 171 педагог; №177 мектеп-гимназиясы — 170 педагог; №148 мектеп-гимназиясы — 148 педагог; №110 мектеп-гимназиясы — 146 педагог; №129 жалпы білім беретін мектеп — 130 педагог; №143 мектеп-лицейі — 125 педагог.
«Педагог-зерттеуші» санаты бойынша көшбасшы мектептер: №177 мектеп-гимназиясы — 68; №148 мектеп-гимназиясы — 55; №118 мектеп-гимназиясы — 41; №110, №101, №143 мектептері — 32-ден.
«Педагог-модератор» санаты бойынша жоғары көрсеткіштер:
№129 жалпы білім беретін мектеп — 58; №110 мектеп-гимназиясы — 54; №118 мектеп-гимназиясы — 53; №143 мектеп-лицейі — 41; №109 жалпы білім беретін мектеп — 40.
«Педагог-шебер» санаты бар мектептер: №148 мектеп-гимназиясы — 4 педагог; №118 мектеп-гимназиясы — 3 педагог; бірқатар мектептерде — 1 педагогтен.
Жалпы алғанда, ауданда тұрақты кадрлық әлеует қалыптасқан. Педагогтердің басым бөлігі «модератор», «зерттеуші» және «сарапшы» санаттарына ие, бұл білім беру сапасына оң әсер етеді.
Сонымен қатар келесі бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет: «сарапшы», «зерттеуші» және «шебер» санатындағы педагогтер үлесін арттыру; жас мамандарды қолдау; тәлімгерлік жүйесін дамыту; аттестацияға қатысуды жандандыру; озық педагогикалық тәжірибені аудан деңгейінде тарату. Жалпы алғанда, ауданның кадрлық құрамы тұрақтылығымен, кәсіби өсуімен және біліктілік деңгейінің оң динамикасымен сипатталады.
Аттестация 2025-2026
2026 жылы ауданның білім беру ұйымдарынан аттестациядан өтуге 548 педагог өтініш білдірді. Бұл көрсеткіш педагог кадрлардың кәсіби белсенділігінің жоғары деңгейін және біліктілік санатын арттыруға ұмтылысын көрсетеді.
Жалпы көрсеткіштер: өтініш берген педагогтер саны бойынша: «педагог-модератор» санатына — 171 педагог; «педагог-сарапшы» санатына — 121 педагог; «педагог-зерттеуші» санатына — 181 педагог; «педагог-шебер» санатына — 4 педагог.
Ең көп өтініш «педагог-зерттеуші» санатына берілген. Бұл педагогтердің кәсіби өсуге, зерттеушілік мәдениетті дамытуға және өз тәжірибесін таратуға ұмтылысын көрсетеді.
Мектептер бойынша талдау, аттестацияға ең белсенді қатысқан мектептер: №193 жалпы білім беретін мектеп — 63 педагог; №110 мектеп-гимназиясы — 45 педагог; №177 мектеп-гимназиясы — 42 педагог; №148 мектеп-гимназиясы — 34 педагог; №143 мектеп-лицейі — 31 педагог; №118 мектеп-гимназиясы — 30 педагог; №101 мектеп-гимназиясы — 29 педагог.
«Педагог-модератор» санаты, ең жоғары көрсеткіштер: №103 мектеп-гимназиясы — 17; №66 жалпы білім беретін мектеп — 13; №177 мектеп-гимназиясы — 13; №110 мектеп-гимназиясы — 12.
Бұл мектептерде педагогтерді аттестацияға дайындау және кәсіби дамуын сүйемелдеу жүйелі түрде жүргізілетінін көрсетеді.
«Педагог-сарапшы» санаты
Жоғары көрсеткіштер:№129 жалпы білім беретін мектеп — 14; №177 мектеп-гимназиясы — 12; №110 мектеп-гимназиясы — 11; №87 жалпы білім беретін мектеп және №148 мектеп-гимназиясы — 10-нан.
Бұл педагогтердің әдістемелік құзыреттілігінің артып, сараптамалық қызметке дайын екенін көрсетеді.
«Педагог-зерттеуші» санаты
Көшбасшы мектептер: №110 мектеп-гимназиясы — 22; №177 мектеп-гимназиясы — 16; №101 мектеп-гимназиясы — 15; №108 мектеп-гимназиясы, №143 мектеп-лицейі, №148 мектеп-гимназиясы — 14-тен.
Бұл педагогтердің зерттеушілік қызметінің дамуын, кәсіби байқауларға қатысуын және тәжірибе таратуын айғақтайды.
«Педагог-шебер» санаты, жоғары біліктілік санатына өтініш бергендер: №118 мектеп-гимназиясы — 2 педагог; №148 мектеп-гимназиясы — 1 педагог; №177 мектеп-гимназиясы — 1 педагог.
Бұл санат бойынша өтініш санының аздығы тәжірибелі педагогтерді мақсатты түрде даярлау жұмыстарын күшейтуді қажет етеді.
Жалпы талдау нәтижесі аудан педагог кадрларының кәсіби өсу динамикасының оң екенін көрсетеді. Педагогтердің басым бөлігі біліктілік санатын арттыруға, әсіресе «эксперт» және «зерттеуші» деңгейіне ұмтылуда.
Сонымен қатар келесі бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет: педагогтерге әдістемелік қолдауды жүйелі түрде жалғастыру; аттестациялық материалдарды дайындауда сүйемелдеуді күшейту; тәлімгерлік жүйесін дамыту; «педагог-шебер» санатына үміткерлер санын арттыру; кәсіби байқаулар мен зерттеушілік қызметке қатысуды жандандыру.
Жалпы алғанда, ауданның білім беру ұйымдарында аттестацияға дайындық жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілуде және кадрлық әлеуеттің сапасын арттыруға оң әсерін тигізуде
Пәндік кабинеттер:
(пәндік кабинеттерге өтінімдер берілмеген)
2026 жылға арналған Жетісу ауданы бойынша пәндік кабинеттерді жоспарлы сатып алу талдауы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту қажеттілігі жалпы алғанда төмен деңгейде екенін және тек нысаналы сипатта екенін көрсетеді.
2026 жылға барлығы 7 кабинет сатып алу жоспарланған, оның ішінде: химия кабинеттері – 3 (№177 жалпы білім беретін мектеп үшін); робототехника кабинеттері – 2 (№66 және №80 жалпы білім беретін мектептер үшін); STEM кабинеті – 1 (№129 жалпы білім беретін мектеп үшін); робототехника кабинеті – 1 (№129 жалпы білім беретін мектеп үшін).
Физика және биология пәндері бойынша кабинеттерді жабдықтауға қажеттілік тіркелмеген, бұл аудан мектептерінде осы бағыттағы материалдық базаның жеткілікті деңгейде екенін көрсетеді.
Ең жоғары қажеттілік келесі бағыттар бойынша байқалады: STEM және робототехника бағыттарын дамыту; цифрлық технологиялар, инженерлік және техникалық білім беруді күшейту.
№177 жалпы білім беретін мектепте химия кабинеттеріне жоғары сұраныс (3 кабинет) тіркелген, бұл жаратылыстану-ғылыми бағыттағы оқу базасын жаңарту қажеттілігін көрсетеді.
Аудандағы 21 мектептің ішінде тек 4 мектеп қана пәндік кабинеттерді жаңарту бойынша өтінім берген. Бұл басқа білім беру ұйымдарының негізгі пәндік инфрақұрылыммен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілгенін білдіреді.
Жалпы алғанда, жоспарланған жабдықтау жұмыстары: STEM-білім беруді дамытуға; цифрлық және инженерлік құзыреттіліктерді жетілдіруге; жаратылыстану-ғылыми бағыттағы материалдық базаны нығайтуға; білім сапасын арттыруға қолайлы заманауи жағдай жасауға бағытталған.
Курстық дайындық өтілуі (2025–2026 оқу жылы)
2025–2026 оқу жылында ауданның білім беру ұйымдарының педагогтері біліктілікті арттыру курстарынан түрлі бағыттар бойынша өтті. Оқыту «Өрлеу», НЗМ ПШО (ЦПМ), BILIM ORLEU, DARYN USTAZ, ГИРЦ, педагогтер мен психологтар академиясы, КМЦПК орталықтарында, сондай-ақ инклюзивті білім беру бағдарламалары аясында жүзеге асырылды.
Аудан бойынша жалпы педагог саны – 1982 адам.
Есепті кезеңде курстық даярлықтан өткен педагогтер саны: «Өрлеу» орталығы — 342 педагог; НЗМ ПШО — 77 педагог; ЦПМ — 93 педагог; BILIM ORLEU — 49 педагог; DARYN USTAZ — 193 педагог; Педагогтер мен психологтар академиясы — 16 педагог; КМЦПК — 4 педагог; инклюзивті білім беру курстары — 107 педагог.
Ең көп педагог «Өрлеу» орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Бұл педагог кадрларды жүйелі түрде кәсіби дамыту жұмыстарының жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Сондай-ақ келесі орталықтарда да жоғары көрсеткіштер байқалады: DARYN USTAZ — 193 педагог; ЦПМ — 93 педагог; НЗМ ПШО — 77 педагог.
Бұл педагогтердің заманауи білім беру технологияларын меңгеруге, жаңартылған білім мазмұнын игеруге және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ұмтылысын көрсетеді.
Курстық даярлыққа ең белсенді қатысқан мектептер: №101 мектеп-гимназиясы; №110 мектеп-гимназиясы; №118 мектеп-гимназиясы; №148 мектеп-гимназиясы; №177 мектеп-гимназиясы; №109 жалпы білім беретін мектеп.
«Өрлеу» орталығы бойынша: №101 мектеп-гимназиясы — 66 педагог; №109 жалпы білім беретін мектеп — 45; №108 мектеп-гимназиясы — 28; №118 мектеп-гимназиясы — 21; №112 жалпы білім беретін мектеп — 21.
НЗМ ПШО бойынша: №66 жалпы білім беретін мектеп — 12 педагог; №129 жалпы білім беретін мектеп — 12; №112 жалпы білім беретін мектеп — 10; №80 мектеп-гимназиясы — 9; №148 мектеп-гимназиясы — 8.
ЦПМ бойынша: №102 жалпы білім беретін мектеп — 45 педагог; №177 мектеп-гимназиясы — 11; №101 мектеп-гимназиясы — 9; №109 жалпы білім беретін мектеп — 8.
DARYN USTAZ бойынша: №110 мектеп-гимназиясы — 85 педагог; №101 мектеп-гимназиясы — 33; №148 мектеп-гимназиясы — 23; №118 мектеп-гимназиясы — 18.
Инклюзивті білім беру бағытындағы курстарға 107 педагог қатысты.
Ең белсенді мектептер: №118 мектеп-гимназиясы — 32 педагог; №80 жалпы білім беретін мектеп — 28; №148 мектеп-гимназиясы — 23.
Бұл көрсеткіштер білім беру ұйымдарының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізуге дайындық деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Жалпы талдау нәтижелері педагогтердің біліктілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын дәлелдейді.
Оң нәтижелер: педагогтердің курстық оқытуға жоғары қатысуы; кәсіби даму бағыттарының кеңеюі; инклюзивті білім беру бойынша дайындықтың күшеюі; білім беру ұйымдарының түрлі орталықтармен белсенді ынтымақтастығы.
Сонымен қатар келесі бағыттарда жұмысты күшейту қажет: тжекелеген мектептерде курстық оқыту қамтылуын арттыру; НЗМ ПШО және ЦПМ бағдарламаларына қатысуды жандандыру; цифрлық және инклюзивті білім беру құзыреттіліктерін дамыту; курстан кейінгі тәжірибеге енгізуді әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу.
Жалпы алғанда, 2025–2026 оқу жылындағы курстық даярлық педагогтердің кәсіби дамуына, оқыту сапасын арттыруға және ауданның кадрлық әлеуетін нығайтуға оң ықпал етуде.
2025–2026 оқу жылы бойынша
Жетісу ауданының тәрбие жұмысына талдау
Санаттар мен еңбек өтіліне талдау
Ең жоғары еңбек өтілі:
2025–2026 оқу жылында Жетісу ауданы бойынша барлығы 21 мектепте түрлі деңгейдегі семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қалалық деңгейде – 21 семинар, республикалық деңгейде – 1 семинар өткізілді. Халықаралық деңгейде іс-шара өткізілген жоқ.
Өткізілген іс-шаралардың негізгі бағыттары «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық рухын қалыптастыруға және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына бағытталды.
Семинарлар барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және инклюзивті білім беру мәселелері қарастырылды.
Республикалық деңгейде «Ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларды еңбек пен шығармашылыққа тәрбиелеу» тақырыбында семинар өткізілді.
Алматы қаласы Жетісу ауданының білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылы барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, құқықтық және мәдени тәрбиесін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Бағдарлама аясында аудан мектептерінде тәрбиелік жобалар саны артып, жаңа бағыттар енгізілді. 2024–2025 оқу жылымен салыстырғанда жобалар саны 79-дан 86-ға өсіп, +7 жобаға (+8,9%) артты. Бағдарламаға қамтылған білім алушылар саны 23 303-тен 24 523-ке жетіп, +1220 оқушыға (+5,2%) көбейді. Сонымен қатар қамтылған педагогтер саны 1102-ден 1403-ке артып, +301 педагог (+27,3%) көрсеткішін көрсетті.
Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар да жүйелі түрде ұйымдастырылды. Жобаға тартылған ата-аналар саны 621-ден 1450-ге дейін өсіп, +829 ата-ана (+133,5%) қамтылды. Бұл мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықтың нығайғанын көрсетті.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында әдеби кештер, кітап көрмелері, оқырмандар конференциялары және танымдық іс-шаралар өткізілді. Жоба аясында 336 іс-шара ұйымдастырылып, 5351 оқушы, 535 педагог және 250 ата-ана қамтылды.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша дебат турнирлері, интеллектуалдық ойындар, пікірсайыстар ұйымдастырылып, білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Барлығы 168 іс-шара өткізіліп, 1176 оқушы, 129 педагог және 67 ата-ана қамтылды.
«Smart Bala» жобасы аясында білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, робототехника және инновациялық технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылды. Жоба барысында 42 іс-шара өткізіліп, 735 оқушы, 88 педагог және 75 ата-ана қатысты.
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу және кәсіби бағдар беру мақсатында түрлі кездесулер, шеберлік сабақтары мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жобаға 2678 оқушы, 170 педагог және 215 ата-ана қамтылды.
«Шабыт» жобасы бойынша шығармашылық байқаулар, көрмелер, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, оқушылардың өнерге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалды. Жоба аясында 147 іс-шара өткізіліп, 1746 оқушы, 290 педагог және 350 ата-ана қатысты.
«Қамқор» жобасы аясында қайырымдылық акциялары, әлеуметтік көмек көрсету шаралары, ардагерлермен кездесулер ұйымдастырылып, білім алушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Жобаға 12 835 оқушы, 210 педагог және 446 ата-ана қамтылды.
Жалпы, 2025–2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстар білім алушылардың тәрбиелік деңгейін арттыруға, олардың шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік белсенділігін дамытуға, сондай-ақ мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайтуға оң ықпал етті.
2025–2026 оқу жылы барысында Алматы қаласы Жетісу ауданы білім беру ұйымдарында оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Көмек» бағдарламасы және «Қауіпсіздік сабағы» жобалары аясында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушыларға қауіпсіздік ережелерін меңгерту, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, алғашқы көмек көрсетуге баулу және жауапкершілік сезімін дамыту.
Жыл бойы білім беру ұйымдарында:
Сейсмикалық оқыту және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша практикалық оқу-жаттығулар өткізіліп, оқушылар мен педагогтерге қауіпсіз эвакуациялау алгоритмдері түсіндірілді. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметкерлері, жол-патрульдік полиция инспекторлары және прокуратура өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды.
«Жол қозғалысы ережелерін оқыту» бағдарламасы аясында:
Оқушыларға жаяу жүргіншілер ережелері, бағдаршам белгілері, жол қауіпсіздігі мәдениеті және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ «Қауіпсіз интернет», «Өрт – тілсіз жау», «Жеке қауіпсіздік», «Зілзала кезіндегі әрекет», «Қауіпсіз мектеп» тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар барысында:
Жүргізілген жұмыстарға мыңдаған оқушылар, педагогтер, ата-аналар және құзырлы орган өкілдері қамтылды.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде оқушылардың қауіпсіздік мәдениеті қалыптасып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдылары нығайтылды. Сонымен қатар балалардың құқықтық сауаттылығы мен жеке жауапкершілігі артты.
Алматы қаласының Жетісу ауданында жол жүру ережелері және жол-көлік жарақаттануының алдын алу бағыты бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі және жалпы контингенті 27 093 оқушыны құрайтын барлық 21 білім беру ұйымын қамтиды.
Жетісу ауданы мектептеріндегі жұмыстың негізгі бағыттары: ЖЖЕ бойынша сынып сағаттары мен викториналар, «Абайлаңыз, балалар!», «Қауіпсіз жол», «Абайлаңыз, балалар!» акциялары, көшедегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша практикалық сабақтар мен нұсқаулықтар, балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша ата-аналар жиналыстары, жол полициясы қызметкерлерімен кездесулер, суреттер конкурстары және ЖЖИ (Жас жол инспекторлары) жасақтары, жеке қауіпсіздік және көліктегі қауіпсіздік сабақтары, Жұмыстың ең белсенді түрлері, жолдан өту ережелері мен жол белгілерін түсіндіру, 1–11 сынып оқушыларымен практикалық сабақтар, каникул алдындағы нұсқаулықтар, балалар жарақаттануының алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
Қамту: оқушылар: 27 093-тен астам, Педагогтер: 900-ден астам, Ата-аналар: 5 000-нан астам.
Ең белсенді білім беру ұйымдары, өткізілген іс-шаралар саны бойынша ең белсенділері: ОШ №3, ОШ №108, ШГ №110 , ШГ №118 , ШГ №177
Жоғары көрсеткіштер аталған мектептердегі профилактикалық жұмыстардың жүйелі әрі тұрақты түрде жүргізіліп жатқандығын айғақтайды.
Ата-аналармен өзара іс-қимыл жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Тартылудың (қатысудың) ең жоғары деңгейі келесі мектептерде байқалады: ОШ №66, ОШ №80, ОШ №87, ОШ №129, ШЛ №143
Жетісу ауданындағы білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Жоба барысында аудан мектептерінде сенбіліктер, ағаш отырғызу акциялары, көгалдандыру және аумақтарды тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Іс-шараларға педагогтер, оқушылар және ата-аналар белсенді қатысты.
2024–2025 оқу жылында жоба аясында: 436 мұғалім қамтылып, 7663 оқушы қатысып, 48 іс-шара өткізілді.
Ал 2025–2026 оқу жылында көрсеткіштер артып: 564 мұғалім, 8964 оқушы қамтылып, 56 іс-шара ұйымдастырылды.
Жоба аясында аудан бойынша: 620 түп ағаш отырғызылды; 320 гүл шоқтары егілді; 3,2 тонна қоқыс шығарылды.
Алматы қаласы Жетісу ауданының білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылы барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Жалпыға бірдей құқықтық білім беру» бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» қағидаты бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Аудан мектептерінде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған дәрістер, профилактикалық кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, сынып сағаттары, тренингтер және ата-аналар жиналыстары өткізілді. Іс-шараларға Жетісу аудандық прокуратурасының қызметкерлері, полиция басқармасының инспекторлары, мектеп инспекторлары, психологтар мен әлеуметтік педагогтар белсенді қатысты.
Атап айтқанда, №2, №43, №80, №87, №101, №102, №108, №109, №112, №118, №137, №148, №177 жалпы білім беретін мектептерінде және мектеп-гимназияларында прокуратура және полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу», «Заң және тәртіп», «Жасөспірім және заң», «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу», «Қауіпсіз интернет», «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, №57, №66, №80, №148 мектептерінде буллингтің, интернет қауіптерінің, вейп пен зиянды әдеттердің алдын алу бағытында профилактикалық лекциялар мен тренингтер ұйымдастырылды. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың қоғамдағы жауапкершілігін қа лыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мектептерде ата-аналар қауымымен бірлескен жұмыстар да жүйелі түрде өткізілді. Ата-аналар жиналыстарында балалардың қауіпсіздігі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасындағы тәрбиенің рөлі, интернет қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
Жалпы аудан бойынша өткізілген іс-шараларға мыңдаған оқушы мен педагог қамтылды. Барлық жұмыстар білім беру ұйымдарының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланып, ақпараттық сүйемелдеу жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстардың тиімділігі байқалды.
Жетісу ауданының білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапты мінез-құлық қалыптастыру және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттары: білім алушыларға құқықтық тәрбие беру; құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл; буллинг пен кибербуллингтің алдын алу; ерте жүктіліктің алдын алу;нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу; интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ата-аналармен және «тәуекел тобы» оқушыларымен жұмыс.
Жетісу ауданының барлық білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстар бекітілген жылдық жоспарларға сәйкес ювеналды полиция, прокуратура, денсаулық сақтау ұйымдары, психологиялық қызметтер және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесіп жүргізілді.
Ведомствоаралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Аудан мектептерінде тұрақты түрде:
профилактикалық дәрістер; дөңгелек үстелдер;жеке әңгімелер; рейдтік іс-шаралар; ата-аналар жиналыстары; құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында Жетісу ауданының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары тарапынан 114 профилактикалық-түсіндіру әңгімелері өткізілді. Жасөспірімдерге зиянды заттардан, темекі мен есірткіден бас тарту, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шаралары туралы түсіндірілді.
2025–2026 оқу жылында аудан мектептерінде барлығы:
104 жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Онда аутодеструктивті мінез-құлықтың, құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу мәселелері қарастырылды; буллингтің алдын алу бойынша 64 әңгіме, дәріс, дөңгелек үстел, челлендж, семинар және тренинг өткізілді.
Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және ескерту жұмыстары топтық және жеке түзету-дамыту сабақтары, жеке және топтық кеңестер, ата-аналар жиналыстары, тренингтер, психологиялық ойындар, оқыту семинарлары арқылы жүзеге асырылды. Барлық мектептерде психологиялық қызметтің жылдық жұмыс жоспары мектеп директоры тарапынан бекітіліп, ҚББЖТҒӘО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жетекшісімен келісілді.
Ағымдағы оқу жылында Жетісу ауданының 21 мектебінде кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша барлығы 96 профилактикалық іс-шара өткізілді.
Нашақорлықтың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында 8–9 сынып оқушыларынан құралған мектептік наркопосттар құрылды. Арнайы стендтер рәсімделіп, наркопосттарды құру және жетекшілерін тағайындау туралы бұйрықтар шығарылды. Наркопосттар «Қазақстан жастары – есірткісіз болашақ үшін» акцияларын өткізді.
«Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің алдын алу» тақырыбында дәрістер оқылды. Барлығы 30 кездесу мен әңгіме өткізілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы лудомания мен ойын тәуелділігінің алдын алу мақсатында Жетісу ауданының КІБ инспекторлары мектеп әкімшіліктерімен бірлесіп: «Буллингтің алдын алу»; «Қауіпті ойындар»; «Балалар мен жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіздігі»; «Қауіпсіз интернет»; «Вейп қолданудың салдары»; «Жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу» тақырыптарында 84 профилактикалық әңгіме өткізді.
Іс-шаралар психоактивті заттарды қолданудың алдын алуға және «лудомания» ұғымын түсіндіруге бағытталды.
Сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептерде 164 әңгіме, дәріс және сынып сағаттары өткізілді.
Мысалы, жоғары сынып оқушылары арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында №102 жалпы білім беретін мектепте 2025 жылғы 29 қыркүйекте Жетісу ауданының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция басшысы Байменов Мұхаммед-Али Мұсаевич «Ерте босану, жыныстық еркіндік» тақырыбында профилактикалық түсіндіру әңгімесін өткізді.
Ал №57 жалпы білім беретін мектепте 7–8 сынып қыздарына арналған «Жеке бас гигиенасы ережелері. Репродуктивті денсаулықты сақтау және ерте қалаусыз жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті Алматы қаласы №19 қалалық емханасының акушер-гинекологы Сабыркулова Г.А. оқыды.
Қалалық салауатты өмір салты орталығының психолог-лекторы Фарзалиева К.Т. оқу жылы бойы «Қорлау және киберқорлау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрістерін өткізді. Кездесу барысында қорлау мен киберқорлаудың түрлері, олардың психологиялық әсері, алдын алу жолдары және қиын жағдайда көмекке жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтау, жеке гигиена және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері қозғалды.
Салыстырмалы талдау нәтижесінде келесі бағыттар бойынша оң динамика байқалды: профилактикалық іс-шаралармен қамтылған оқушылар санының артуы; ата-аналармен жұмыстың жандануы; ақпараттық-түсіндіру кездесулерінің көбеюі; мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланыстың нығаюы; оқушылардың құқықтық мәдениеті мен өз әрекеттеріне жауапкершілігінің қалыптасуы.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ЮПБ есебінде, мектепішілік есепте және «тәуекел тобы» есебінде тұрған оқушыларға салыстырмалы талдау жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша төмендегідей нәтижелер анықталды.
Көптеген білім беру ұйымдарында көрсеткіштер тұрақты деңгейде сақталуда.
Мектепішілік есепте тұрған оқушылар саны 95-тен 78 оқушыға дейін төмендеді (-17), бұл профилактикалық жұмыстың оң динамикасын көрсетеді. Ең жоғары төмендеу: №193 ЖББМ КММ (-5), №103 мектеп-гимназиясы КММ (-4), №66 ЖББМ КММ (-4), №110 мектеп-гимназиясы КММ (-3), №102 ЖББМ КММ (-2), №118 мектеп-гимназиясы КММ (-2).
Жетісу ауданының 21 білім беру ұйымында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен енгізілген «ДОСБОЛLIKE» антибуллинг бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Жалпы алғанда, Жетісу ауданының білім беру ұйымдарында «ДОСБОЛLIKE» антибуллинг бағдарламасы жоспарға сәйкес іске асырылып, оқушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Жетісу ауданы білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылы барысында оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылып жүргізілді. Негізгі мақсат – білім алушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектесу, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру және кәсіптік білім беру ұйымдарымен байланысты нығайту болды.
Жыл бойы аудан мектептерінде кәсіби бағдар беру бағытында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жоғары оқу орындары мен колледж өкілдерімен кездесулер, ашық есік күндері, кәсіби бағдарлау тестілеулері, танымдық экскурсиялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, жәрмеңкелер және сынып сағаттары өткізілді.
№2 жалпы білім беретін мектепте Еңбек мобильдігі орталығының мамандары 9–11 сынып оқушыларымен әлеуметтік-кәсіптік бағыттағы семинар өткізіп, мамандық таңдаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
№3 жалпы білім беретін мектепте ALT университеті, Narxoz университеті және «Әділет» колледжі өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, оқушыларға менеджмент, бизнес, маркетинг, аударма ісі сияқты заманауи мамандықтар туралы ақпарат берілді. Іс-шараларға 150 оқушы, 15 педагог және 30 ата-ана қамтылды.
№57, №66, №80 мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі жоспар негізінде жүргізіліп, оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын анықтау бойынша тестілеулер, жеке кеңестер және өндіріс орындарына экскурсиялар ұйымдастырылды. №80 мектепте оқу жылы ішінде 15 сынып сағаты, 24 мамандармен кездесу, 7 экскурсия өткізілді. Сонымен қатар оқушылар аудандық «Менің мамандығым» чемпионатына және қаржылық қауіпсіздік бойынша «Qarzhyskill» байқауына белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
№101, №102, №103 мектептерінде Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің мамандары қатысқан кездесулер өткізілді. Оқушылар Алматы технология және флористика колледжі, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі, Almaty Polytechnic College, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Caspian University және басқа да оқу орындарының мамандықтарымен танысты. Сонымен қатар оқушылар «Менің болашақ мамандығым» атты жәрмеңкелерге, халықаралық білім көрмелеріне және жоғары оқу орындарының ашық есік күндеріне қатысты.
№108 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыстары психодиагностикалық зерттеулермен ұштастырылып, оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығын анықтауға бағытталған сауалнамалар жүргізілді. «Әлем мамандықтары», «Мамандық таңдау – болашаққа қадам» тақырыптарында сынып сағаттары мен тренингтер өткізілді. Оқушылар өндірістік экскурсияларға қатысып, «Samal water» өндіріс орталығының жұмысымен танысты.
№109, №110, №112 мектептерінде кәсіптік бағдар беру аясында жоғары оқу орындары және колледждермен ынтымақтастық орнатылып, оқушыларға мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Әскери бағыттағы мамандықтарды насихаттау мақсатында әскери оқу орындарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылар түрлі аудандық байқауларға, кәсіби шеберлік жарыстарына белсенді қатысты.
№118, №129, №137 мектептерінде оқушыларға сұранысқа ие мамандықтар туралы мәлімет беру, кәсіби қызығушылықтарын арттыру мақсатында жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесулер, кәсіпорындарға экскурсиялар және кәсіби бағдарлау тестілеулері өткізілді. Аудандық және қалалық деңгейдегі байқауларға қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды.
№148 мектеп-гимназиясында оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыру мақсатында тәрбие сағаттары, пікірталастар, семинарлар, сауалнамалар және халықаралық білім көрмелеріне экскурсиялар ұйымдастырылды. Оқушылар IT, қаржы, заң, медицина салалары бойынша қызығушылық танытты.
№177 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру бағытында форумдар, семинарлар, колледждер мен университеттердің қатысуымен кездесулер, көрмелер мен экскурсиялар өткізілді. Сонымен қатар оқушылар халықаралық және қалалық білім көрмелеріне қатысып, болашақ мамандықтары туралы кең көлемде ақпарат алды.
№193 жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында 1140 оқушыны қамтыған іс-шаралар ұйымдастырылды. «Мамандықтар әлемі», «Мамандық пен еңбек таңдауы – болашаққа бастар жол» тақырыптарында сынып сағаттары, кітап көрмелері, әңгімелер мен шолулар өткізілді.
Жалпы, Жетісу ауданы мектептерінде жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауға деген қызығушылығын арттыруға, олардың кәсіби қабілеттерін анықтауға және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен танысуына оң әсерін тигізді.
Ата-аналармен жұмыс
2025–2026 оқу жылы ішінде ата-аналармен жұмыс бағыты бойынша әртүрлі форматта іс-шаралар өткізілді.
АПҚО жұмысы
АПҚО аясында ата-аналарға құқықтық, психологиялық және тәрбиелік бағыттағы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, отбасындағы тәрбие мәдениетін қалыптастыруға, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған кездесулер, сабақтар өткізілді.
АПҚО бағыты бойынша:
«Даналық мектебі» клубы
«Даналық мектебі» клубы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, өнегелі тәрбие беру және білім алушылардың тұлғалық дамуын қолдау бағытында жүйелі түрде түрлі іс-шаралар өткізілді. Клуб жұмысына ата-аналармен қатар ата-әжелер, аға-жеңгелер және білім алушылар да белсенді түрде қатысып, тәрбиелік және танымдық шараларға кеңінен тартылды.
«Даналық мектебі» клубы бойынша:
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ата-аналардың мектеппен байланысы нығайып, тәрбие процесіндегі бірлескен жауапкершілік деңгейі артты. Отбасы мен мектеп арасындағы серіктестік қарым-қатынас білім алушылардың жан-жақты дамуына, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға оң ықпал етті.
Жетісу ауданы білім беру ұйымдарында оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық, спорттық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және дарынды балаларды қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Аудан мектептерінде спорттық секциялар, шығармашылық және интеллектуалдық үйірмелер тұрақты түрде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Үйірмелер мен секциялар бекітілген кестеге сәйкес өткізіліп, оқушылардың қауіпсіздігі мен қамтылуы тұрақты бақылауда.
Жетісу ауданы бойынша мектепішілік үйірмелерге барлығы 8128 оқушы, ал мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарына 5542 оқушы қамтылған.
Ең жоғары қамтылу көрсеткіштері:
Мектептерде баскетбол, волейбол, футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, үстел теннисі, жеңіл атлетика, таэквондо, хореография, домбыра, вокал, театр, дебат клубтары және басқа да бағыттар бойынша үйірмелер ұйымдастырылған.
Үйірме және секциялық жұмыстар аясында:
Аудан мектептерінің оқушылары аудандық, қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуде. Атап айтқанда:
2026 жылдың қаңтар-маусым аралығында Дарын орталығының Жетісу ауданының әдіскерінің жүргізілген жұмыстар есебі
2026 жылдың 30 қаңтар күні, №110МГ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сынып оқушылары арасында Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының аудандық кезеңі өткізілді.
Айтыстың мақсаты: жалпы орта білім беретін оқу орындары оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау, суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің маңызын, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
Қазылар алқасының мүшелері қорытындылай келе, айтыстың 2 бағыты бойынша жалпы 4 оқушы қатысты 4 жеңімпаз бен жүлдегер анықтады.
І орын – 2; ІI орын – 1; ІII орын – 1;
2026 жылдың 02 ақпан күні, №110МГ базасында аудандық «М. Мақатаев оқулары» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: оқушылар арасында М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау; оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту.
Байқауға 26 оқушы қатысты, 13 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: I орын – 4; ІI орын – 4; ІII орын – 5;
2026 жылдың 10 ақпан күні жалпы білім беру ұйымдарының 6-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Яссауитану-2025», №137ЖББМ базасында аудандық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау; өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру; жас өркеннің интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру; жас буынды елдік санаға баулу; ұлы баба өнегесімен шәкірттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу.
Байқауға аудан бойынша 4 оқушы қатысты, 4 жеңімпаз анықталды: I орын – 4;
2026 жылдың 17 ақпан күні, №112ЖББМ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттай отыра, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Байқау 5 номинациясы бойынша 54 оқушы қатысты, 36 жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды: I орын – 10; ІI орын – 12; ІII орын – 14 ;
2026 жылғы 20 ақпанда жалпы орта білім беру ұйымдарының 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі №108 мектеп базасында өтті. Аудандық кезеңге 2-4 сынып оқушыларының 51 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 9 (топ) жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Iорын-3,IIорын-2,IIIорын-4.
2026 жылдың 21 ақпан,№137ЖББМ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты — педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.
Байқауға жалпы саны 19 мұғалім қатысты,6 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 1, ІI орын – 2, ІII орын – 3;
2026 жылдың 24 ақпан,№137ЖББМ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету. Байқауға жалпы саны16 оқушы қатысты, 3 бағыт бойынша 11 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 4, ІI орын – 4, ІII орын – 3;
2026 жылғы 03 наурызында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында Қ.Бітібаева тындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдету және жетілдіру, оқушыларды ұлттық мәдениетті, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Аудандық кезеңге 16 оқушы қатысты. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша 13 жеңімпаз және жүлдегер анықталды.
I орын - 3, I орын - 4, III орын-6 2026 жылдың 13 наурыз күні жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларыарасында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқаудың 4 бағыты бойынша жалпы 19 оқушы қатысты, 19 жеңімпаз
анықталды. I орын – 5; ІI орын – 5; ІII орын – 9;
2026 жылдың 12 наурыз күні, №137ЖББМ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Наурыз көктем мейрамы» атты сәндік-қолданбалық өнер байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақтың назарын қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, халық өнеріне аудару, балалардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасау.
Байқауға 59 оқушы қатысты. Байқаудың 7 номинациясы бойынша 54
жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 25; ІI орын – 21; ІII орын –8;
2026 жылдың 26 наурыз ,№137ЖББМ базасында жалпы орта білім беруұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты — педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.
Байқауға жалпы саны 13 мұғалім қатысты,4 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 1, ІI орын – 1, ІII орын – 2;
2026 жылдың 01 сәуірде, №137 мектеп базасында 5-8 сынып оқушылары Республикалық экологиялық жобалар конкурсы ProEco конкусының аудандық кезеңі өткізілді.
Бағыттары: «Туған жердің табиғаты», «Менің қоршаған әлемім – ғажайып әлем», «Ең үздік экологиялық бастама», «Таза қала – сенен басталады».
Мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытқан, жоғары зерттеу қабілеттері бар дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Аудандық кезеңге 9 оқушы қатысты.Конкурс қорытындысы бойынша 5 оқушы жүлдегер атанды:Iорын-3,IIорын-1,IIIорын-1;
2026 жылдың 02 сәуір күні №110МГ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында «Абайтану» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты –Абайдың шығармашылығы мен өнегелі өмірінен ғибрат алу. Және Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсіну, Абай қарасөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын ұғыну, Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін үйренуге, тіл тазалығын сақтауға дағдылану. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқауға жалпы 9 оқушы қатысып, 9 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды:
І орын – 3; ІI орын – 3; ІII орын – 3;
2026 жылдың 13 сәуір күні, №110МГ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «І Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығын насихаттау, оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, ұлт руханиятына үлес
қосқан тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Байқауға жалпы 26 оқушы қатысып, 19 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды:
І орын – 4; ІI орын – 8; ІII орын – 7;
2026 жылдың 07 сәуір күні, №148МГ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Жұлдызыды сәт» (музыкалық шығармашылық және хореография) «Вокалдық өнер» номинациясының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 9 номер қатысты, 8 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 2; ІI орын – 5; ІII орын – 1;
2026 жылдың 06 сәуір күні, №148МГ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Жұлдызыды сәт» (музыкалық шығармашылық және хореография) «Аспаптық орындаушылық» номинациясының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 12 номер қатысты,10 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 2; ІI орын – 3; ІII орын – 5 ;
2026 жылдың 08 сәуір күні, №148МГ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Жұлдызыды сәт» (музыкалық шығармашылық және хореография) «Хореография» номинациясының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 10 номер қатысты, 10 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 2; ІI орын – 6; ІII орын – 2;
2026 жылдың 10 сәуір күні, №101МГ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Өнерлі бала» номинациясының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 49 оқушы қатысты, 40 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 8; ІI орын – 16; ІII орын – 16;
2026 жылдың 09 сәуір күні, №102ЖББМ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Бояулар құпиясы» номинациясының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 46 оқушы қатысты, 25 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 3; ІI орын – 6; ІII орын – 16;
2026 жылдың 15 сәуір күні, №177МГ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Кітап-білім бұлағы» номинациясының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 21 оқушы қатысты, 14 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 3; ІI орын – 5; ІII орын – 6;
2026 жылдың 14 сәуір күні, №129ЖББМ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Жасыл Алматы» номинациясының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 31 оқушы қатысты, 23 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 3; ІI орын – 6; ІII орын – 14;
2026 жылдың 18 сәуір күні жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Байқауға жалпы саны 21 оқушы қатысты, 20 жеңімпаз анықталды: І орын – 5; ІI орын – 5; ІII орын – 10;
2026 жылдың 25 сәуір күндері, №148МГ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Байқаудың 5 бағыты бойынша жалпы 11 оқушы қатысты, 8 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын – 4, ІI орын – 3, ІII орын – 1;
2026 жылдың 04 мамыр күні, №137ЖББМ базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Шерхан оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Шерхан Мұртазаның шығармашылығын насихаттау, оқушылардың әдеби шығармаларды түсіну және талдау дағдыларын дамыту, тіл байлығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.
Байқауға жалпы саны 6 оқушы қатысты, 3 номинация бойынша 6 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды: І орын –3; ІI орын – 2; ІII орын – 1;
Аудандық кезеңге дайындық барысында мектептерде жүйелі әрі ұзақ уақыттық жұмыстар жүргізілетіні анық байқалады. Ұстаздар мен оқушылардың тынымсыз еңбегі, сапалы дайындығы мен үлкен жауапкершілігінің нәтижесінде шәкірттер жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, өз білімдері мен қабілеттерін жоғары деңгейде дәлелдей алады.