«Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №49 учаскеде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына қатысушыларды айқындау бойынша қайта тендер өткізу туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтарды басқару Қағидаларының 37-тармағына сәйкес № 49 учаскеге тендерлік өтінімдердің болмауына байланысты тендер өткізілмеді деп танылды және қайта тендер өткізіледі.

Тендерге қатысушылар - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда.

Тендерлік құжаттаманың көшірмелері хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша беріледі: Республика алаңы 4, № 412 кабинет. 

Тендерге қатысушылар «Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы» КММ-ге тендерге қатысудың өтінімдерін конвертке салып, жапсырылған күйде мына мекен-жайы бойынша: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, кабинет № 412,  ұсынады (жібереді).

Тендерлік өтінім ұсынудың (жіберудің) соңғы мерзімі 2024 жылд «21» ақпан сағат 13.00-ге дейін.

Өтінімдерді тендерлік комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайтын болады.

Тендерлік комиссияның Уәкілетті төрағасы: Әбдіқадыров А. Е.

Байланыс деректері: +7 702 066 2255