Алматыда ормандағы өрттерді ерте анықтайтын заманауи жүйе орнатылды

Алматыда ормандағы өрттерді ерте анықтайтын заманауи жүйе орнатылды

Алматыда ормандағы өрттерді ерте анықтайтын заманауи жүйе орнатылды.

Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі – бұл орман мониторингіне арналған бағдарламалық-аппараттық кешен, ол шұғыл түрде шараларды қабылдауға және өрт қауіптілігі жоғары маусымында орман өрттерінен болатын залалды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, өртті анықтау тәулік бойы 360 градусқа қарайтын және 30 км-ге дейінгі радиуста жағдайды тіркейтін бейнебақылау камераларының көмегімен жүзеге асырылады, аумағы 10 мың гектарға дейін жетеді. Жүйенің құрамында тепловизордың және сезімталдығы жоғары бейнекамераның болуы оны тіпті толық қараңғылықта да тиімді етеді.

Бейнебақылау камералары 3 учаскеде - Шымбұлақ, Медеу және Бутаков шатқалында орналасқан антенна – діңгек құрылыстарында орнатылған. Бейнебақылау жүйелерінен ақпарат «Медеу» МӨТП жанындағы жедел басқару орталығына тиісті байланыс арналары арқылы келіп түседі, бұдан әрі ақпарат шұғыл қызметтерге уақтылы әрекет ету үшін бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне беріледі.