Sulpak дүкенінің жанында отырғызылған емен жол апаты салдарынан зардап шекті

Sulpak дүкенінің жанында отырғызылған емен жол апаты салдарынан зардап шекті

2021 жылы 13 ақпанда Төле би, 187 мекенжайы бойынша орналасқан Sulpak дүкенінің жанында жол апаты болды. Апат салдарынан Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен бұрын заңсыз кесілген ағаштардың орнына отырғызылған бір емен зардап шекті.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Toyota Previa көлігінің жүргізушісі мас күйінде оны қағып кеткен.

Зақымдалған еменді мердігер компания алып тастады.

2021 жылдың 15 ақпанында, дүйсенбіде Жасыл экономика басқармасы қылмыстық іс қозғауды талап ету мақсатында қалалық полиция бөліміне жүгінеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қараша айында заңсыз 13 ағаш кесілген: 9 емен, 2 қарағаш және 2 акация ағаштары. Алматы қаласының әкімдігі бұл жерге қаланың экожүйесін қалпына келтіру үшін 30 емен отырғызды. Емендер әрқайсысы 15 данадан тұратын екі қатарға отырғызылды. Олардың жасы шамамен 10-12 жас.