
Міндеті: ықтимал әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарларды талдауды қоса алғанда, сараптама объектілерінде орындалған шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға және халық денсаулығына әсерін бағалаудың толықтығы мен дұрыстығын айқындау.
Функциялар:
1) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;
2) экологиялық сараптама саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу және осындай Нормативтік құқықтық актілердің бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның қарауына беру;
3) сараптамалық деректерді автоматтандырылған өңдеу және бақылау құралдарын енгізу, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары бойынша ақпараттық деректер базасын қалыптастыру болып табылады;
4) қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
5) экологиялық сараптама мәселелері бойынша ғылыми іздестіру жатады.
Міндеті: шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін жан-жақты ғылыми негізделген талдау мен бағалауды ұйымдастыру.
Функциялар:
1) сараптама жасалатын құжаттамада Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының және Алматы қаласының аумағында қолданылатын стандарттарда, нормалар мен ережелерде қамтылған экологиялық талаптардың сақталуын тексеру;
2) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында экологиялық заңнаманы бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік шаралар қабылдау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ақпарат дайындау және жіберу.
Міндеті: мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын дайындау, оларды сараптама объектісін іске асыру туралы шешім қабылдайтын ұйымдарға беру және мүдделі органдар мен халыққа қажетті ақпарат беру.
Функциялар:
1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінімдер қабылдау;
2) сараптама жасалатын құжаттамада Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының және Алматы қаласының аумағында қолданылатын стандарттарда, нормалар мен ережелерде қамтылған экологиялық талаптардың сақталуын тексеру;
3) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын дайындау және беру болып табылады.
4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың берілген қорытындылары бойынша ведомстволық есептілікті заңнамада белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну.
Міндеті: қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттарды дайындау, беру және есепке алу.
Функциялар:
1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін ұсынылатын материалдарды белгіленген тәртіппен қабылдау немесе қабылдамау; ;
2) ұсынылған материалдардың толықтығы және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін құжаттар топтамасының Экологиялық кодекс талаптарына сәйкестігі тұрғысынан өтінімдерді қарау;
3) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар дайындау және беру;
4) заңнамада белгіленген мерзімдерде қоршаған ортаға эмиссияларға берілген экологиялық рұқсаттар бойынша ведомстволық есептіліктің сұратулары бойынша дайындау және ұсыну болып табылады;
6) деректерді автоматтандырылған өңдеу және бақылау құралдарын енгізу, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар бойынша ақпараттық деректер базасын қалыптастыру болып табылады.
Міндеті жер қойнауын пайдалану саласындағы бағдарламаларды, қағидаларды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.
Функциялар:
1) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызмет көрсету.
Қолданыстағы мониторинг жүйесін оңтайландыру міндеті.
Функциялар:
1) "Алматы қаласы Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері"ГАЖ жұмыс істеуін қолдау және дамыту;
2) Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізудің жыл сайынғы мониторингін жүргізу (әрбір 3, 5 және 8 жыл сайын - қала аумағындағы экологиялық ахуалды зерттеудің кеңейтілген бағдарламасы).
Мемлекеттік қызметті ұсынуға өтінім Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталының құралдары бойынша жүзеге асырылады