Лого

Меню

Страницы

Статья

Жасыл қорды бақылау және басқару

Міндеті: қала аумақтарын көгалдандыру, Алматы қаласының жасыл қорын сақтау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялар:

1) Алматы қаласының жасыл қорын қорғау, сақтау және дамыту саласындағы қалалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;

2) қаланы көгалдандыру саласындағы Табиғатты қорғаудың басым іс-шараларын жоспарлау және оларды іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) жасыл екпелердің жай-күйі мен санына мониторинг жүргізу, қаланың жасыл қоры саласында туындайтын проблемалар мен сәйкессіздіктерді анықтау, оларды шешу жолдарын айқындау;

4) Алматы қаласының аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау саласындағы қатынастарды реттеу;

5) халықты, мемлекеттік органдарды Алматы қаласындағы жасыл желектердің саны мен жай-күйі туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында қала аумағындағы жасыл желектердің тізілімін және есебін жүргізу;

6) Алматы қаласының жасыл қорын басқару саласында аудандық әкімдіктермен, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

Міндеті: Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Мәселелер бойынша қаланың жасыл қорын басқаруды реттейді:

1) Жерді сарқылудан, шөлейттенуден, сортаңданудан қорғау;
2) көгалдандырылған аумақтарды ұлғайту есебінен атмосфералық ауаны сауықтыру;
3) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі орталық органдар әзірлеген қағидалар, әдістемелер, нұсқаулықтар жобаларын ұйымдастырады және оларға ұсыныс енгізеді;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау және дамыту жөнінде шаралар қолданады;;
5) Алматы қаласының жасыл қорын сауықтыруға бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, кеңестер, "дөңгелек үстелдер" және т.б.) өткізеді.
6) Қоршаған ортаны қорғау саласында және табиғат пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, өтінімдерді қабылдау, ағаштарды кесуге (қайта отырғызуға) өтінімдерді дайындау, қабылдамау немесе рұқсат беру және Алматы қаласының жасыл қорын қалпына келтіру бойынша кепілдік міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу;
7) мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған шарттар шеңберінде жұмыстардың орындалуын сақтауды тексеру, МЖӘ жобаларын іске асыруды мониторингілеу және басқару.

Міндеті: өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және функцияларды жүзеге асыру үшін бөлімнің заңнамада белгіленген тәртіппен құқығы бар:

Функциялар:

1) басқарма және қала басшылығының қарауына енгізілетін материалдар мен құжаттарды дайындау кезінде бірлескен жұмыс үшін әртүрлі ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың мамандарын тарту;
2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаланың қаржы, статистика және өзге де мемлекеттік органдары шығаратын барлық материалдарды пайдалануға құқылы;
3) меншік нысанына қарамастан ұйымдардан табиғат пайдалануды реттеу және Алматы қаласының жасыл қорын ұстау саласындағы қызметке қатысты нұсқаулықтарды, шешімдерді және өзге де директивалық құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.

Мемлекеттік қызметті ұсынуға өтінім Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталының құралдары бойынша жүзеге асырылады

Дата публикации
01 февраля 2022
Дата обновления
01 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
2026 жылы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама
20 октября 2026
«Shaban Caia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алғабас шағынауданы, 7-көше, 134/6 учаске мекенжайында орналасқан өндірістік базасына арналған «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі
20 октября 2026
Товарищество с ограниченной ответственностью ""Invest Time"" Проект "Охрана окружающей среды" для объекта "Строительство многоквартирного жилого комплекса с объектами обслуживания и подземным паркингом, расположенного в г. Алматы, р-н Ауэзовский, мкр. Сайран, д.17. (Со сносом существующих строений) (без наружных инженерных сетей и благоустройства)"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы