
«Алматы қаласында автомобиль көлігінің мониторингі үшін экологиялық посттарды құру және басқару» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама
«Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» КММ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, осы арқылы тікелей келіссөздер жүргізу әдісімен «Алматы қаласында автомобиль көлігінің мониторингі үшін экологиялық посттарды құру және басқару» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі – МЖӘ Жобасы) бастамашылық жасайтынын хабарлайды.
Жобаны іске асырудың кезеңі: 2022-2027 жылдар.
Жобаны іске асырудың орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңы 9 бабы 2 тармағының 3), 5) тармақшаларына сәйкес:
Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей жобаға жатуы: жатпайды.
Жобаның құны: 2 572 643 000,0 теңгеден аспайды (екі миллиард бес жүз жетпіс екі миллион алты жүз қырық үш мың) теңге 00 тиын.
МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық өлшемдері:
Автокөлік құралдарынан шығатын газдардың улылығы мен түтіндік деңгейін өлшеуге арналған 19 экологиялық постты ұйымдастыру және пайдалану;
экологиялық мониторинг жүргізу және деректер базасына онлайн режимінде деректерді беру үшін тәулік бойы жұмыс режимінде істейтін 39 газ талдау станциясын орнату;
ауа сапасының және басқа да параметрлердің өзгерістерін талдауға және болжауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде деректер базасын толтыру;
тәулік бойы жұмыс істейтін 39 газ талдау станциясынан алынған мәліметтердің негізінде экологиялық көрсеткіштер мониторингінің онлайн картасын құру;
3 бірлік жылжымалы экологиялық посттардың (көлік құралдарынан шығатын газдардың улылығы мен түтінінің деңгейін өлшейтін) және 1 бірлік жылжымалы экологиялық зертхананың жұмыс істеуі;
Техникалық регламентте белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеру мақсатында экологиялық посттарда (газ талдаушы және түтін өлшегішті пайдалана отырып) автокөлік құралдарынан шығатын газдардың улылығы мен түтіндік деңгейін өлшеуді жүргізу. Бақылау күн сайын және тәулік бойы, жобаны іске асырудың бүкіл кезеңінде орташа есеппен күніне кемінде 760 автокөлікке (барлық посттарда) жүргізілуі керек.
МЖӘ объектісінің функционалдық мүмкіндіктері :
Экологиялық постқа арналған үй-жай жұмыс және тұрмыстық бөлмеден, сондай-ақ санитарлық тораптан тұрады. Үй-жай алдыңғы және бүйір жағынан витраждармен және артқы жағынан ашылатын тереземен, жұмыс бөлмесіне кіретін есікпен, санитарлық бөлмесіне кіретін есікпен және тұрмыстық бөлменің ішкі есігімен жабдықталған. Үй-жай қажетті кеңсе және тұрмыстық жиһаздармен, жылытқыштармен, кондиционерлермен, бейне бақылау камераларымен және ақпараттық стендпен жабдықталған, бұл экологиялық посттың тәулік бойы және жыл бойына жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Құрал- бағдарламалық кешен мыналарға мүмкіндік береді:
Ақпараттық-талдау жүйесі мынадай мүмкіндік береді:
Әлеуетті жеке әріптес мыналарды жүзеге асырады және келесі жауапкершілік артады:
МЖӘ объектісін құру аяқталғаннан кейін объекті мемлекеттік серіктестің меншігінде қалады.
Әлеуетті жеке әріптес МЖӘ Объектісін құру кезінде көлік құралын бақылау кезінде уыттылық пен түтін өлшемдерін тіркеуге арналған сенімді аспап-құралдарды, сондай-ақ айрықша құқықтары немесе пайдалану құқығы Жеке серіктеске ғана тиесілі ақпараттық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға тиіс; Жеке серіктес иелік ететін БҚ құралына құқықтардың көрсетілген көлемі Жобаны іске асырудың барлық аспектілеріне, соның ішінде мақсаттарға, міндеттерге, функционалға, іске асыру шарттары мен мерзімдерге сәйкес келуі керек.
Баламалы ұсынысты беру кезінде меншігінде кемінде 19 модульдік ғимараты (экологиялық пост); автокөлік құралдарынан шығатын газдардағы түтіннің құрамын бақылауға арналған кемінде 19 құрылғысы; автокөлік құралдарынан шығатын газдардағы шығарындыларды бақылау үшін кемінде 19 газ талдауыш құралы; атмосфералық ауаға мониторинг жүргізетін кемінде 39 автоматтандырылған бақылау станциясы; осы хабарламада сипатталған функционалдығы бар ақпараттық-талдамалық жүйесі болуы қажет. Аккредиттеу саласы қоса берілген, аккредиттелген сынақ зертханасының болуы, соның ішінде «Автокөліктің шығарындылары: түтін, азот оксидтері, оттегі, көмірсутектер, көміртек тотығы».
Келесі: автокөлік құралдарының экологиялық мониторингі саласындағы ұқсас жобаны енгізу, бейімдеу бойынша кемінде 1 (бір) жыл тәжірибесінің болуы.
Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсынысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 130-тармағына сәйкес, оның шеңберінде әлеуетті жеке әріптес Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс, жеке әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді береді;
балама шеңберінде ұсынылатын зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтары бар және/немесе жеке меншік құқығын растайтын құжаттарының болуы;
«Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» КММ баламалы ұсыныстарды осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда, тиісті құжаттарды келесі мекенжай бойынша ұсыну қажет: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» КММ, тел.: 8(727)262-16-13, 8(727) 264-23-81; e-mail: u.prirp@almaty.gov.kz